• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:01:50
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 NEWS

Қазақстанда «елордалық мұғалім» мәртебесін беру ұсынылды

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова елордалық мұғалімдердің жалақысы ешқандай мәртебесіз-ақ көтерілетінін айтты.

 ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз конференциясында қазақстандық мұғалімдердің жалақысын өсіру турасында мәселені қозғады. Сондай-ақ арнайы «елордалық мұғалім» мәртебесін беру туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Қаринова айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ресейде арнайы мәскеулік мұғалім деген мәртебе бар. Сол себепті олардың жалақысы өзге аудандардағы мұғалімдерге қарағанда көбірек. Біздің мұғалімдер елордаға сай киінуге мүмкіндіктері жоқ екенін айтып арызданады. Ал оқушылар алдымен сырт келбетіне қарап бағалайды. Сондай-ақ Астанада жол ақысы мен азық-түлік те қымбат», - деді министрліктің өкілдеріне журналист.

Қаринованың айтуынша, болашақта бұл мәселе көтерілетін болады.

«Білім және ғылым министрлігі әрдайым педагогикалық мамандықтың дәрежесін арттырып, жалақысын көтеру турасында үздіксіз жұмыс істеп келеді. Алайда бүгінге дейін елордалық мұғалім мәртебесі қарастырылмаған. Жоспарда бар болғанымен, бұл мәселені алдымен республиканың, сондай-ақ Астана қаласының мұғалімдері арасында талқыға салу қажет. Жұмыс әлі басталған жоқ, сол себепті нақты ақпарат беруге әлі ерте», - деді Қаринова.

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова елордалық мұғалімдердің жалақысы ешқандай мәртебесіз-ақ көтерілетінін айтқан.

«Бізде еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі бар. Ол барлық қызметкерге бірдей және аймақтық коэффициентке байланысы жоқ. Алайда бұл жүйе жүйе арқылы бірнеше мәселенің шешімі табылады деп ойлаймын және мұғалімдер үшін де стимул болады», - деді Асылова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір