• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:34:38
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Қазақстанда 2018 жылғы қыс қандай болады?

Метеоролгтар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді осы күндері абай болуға шақырды.

«Қазгидромет» РМК қыс мезгілінде республиканы қандай ауа-райы күтіп тұрғанын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, қыстың ызғары қарашада сезіле бастайды. Қараша айы жауын-шашынды әрі желде болады. Метеоролгтар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді осы күндері абай болуға шақырды.

Гидромет орталығының директоры Марина Шмидттың айтуынша, бір айда үш салқындату толқыны жүреді, бірі екіншісінен қарқынды болады деп күтілуде. Ал ай соңында температура төмендейді.

«Қараша айында Қазақстанның солтүстік аймағында температура ауасы 30 градусқа дейін төмендейді. Елдің оңтүстігінде түнде 15 градусқа төмендесе, күндіз 5 градусқа дейін аяз күтіледі.

Қазақстанда қыс қарлы әрі ұзақ болмақ. Арктиканың теңіз жағалауларынан суық ауа массасының жиі шапқыншылығынан республиканың шығыс бөлігі суық және қарлы болады, ал батысында жылы ауа массасының әсерінен жылы және қары сирек ауа райы орнайды.

Ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Акишева 2018 жылғы қыс мезгілінің суық және қары сирек болатынын мәлімдеді.

Ал ақпанда елдің көп аймақтарын қар басып, күшті желдер орнайды.

Көктемнің басталуы құбылмалы болады: нағыз қысқы жиі жауын-шашынды, қатты желді күндер көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады. Ауаның орташа температурасы наурызда нормадан 1°С жоғары оңтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде бақалады, қалған аумақта климаттық нормаға сәйкес жуық болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір