• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:10:22
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 NEWS

Қазақстанда 1380 медицина ұйымы халыққа тегін қызмет көрсетеді

Қазақстан бойынша мемлекеттік клиникаларды қоса есептегенде 1380 медицина ұйымы халыққа тегін қызмет көрсетеді

Қазақстан бойынша мемлекеттік клиникаларды қоса есептегенде 1380 медицина ұйымы халыққа тегін қызмет көрсетеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіретін қызметтердің көптеген түрлерін азаматтар аталған емдеу мекемелері арқылы ала алады. Биылғы жылы тегін пакетке кіретін қызмет саны 1900-ге жуықтады.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында аурудың алдын алу мәселесіне аса ден қойылып отыр. Қазақстандықтардың басым бөлігі жастайынан денсаулығын күтуге дағдыланбаған. Ал денсаулықты күтуді  әдетке айналдыру керек, себебі аурудың алдын алу – денсаулық негізі.

Статистикаға сәйкес, адамдар созылмалы ауруы әбден асқынып, шұғыл көмек қажет болғанға дейін дәрігерге қаралмайды. Елімізде жыл сайын 3 миллионға жуық адам ауруханаға түседі. Соның 68 пайызы немесе 1,9 миллионы - дәрігер көмегіне ауруы әбден асқынғаннан кейін жүгінгендер. Яғни, әрбір 10-шы азамат өміріне қауіп төнген кезде ауруханаға түседі деген сөз. Тіпті, тегін көмек көрсетілген күннің өзінде олар бағасы қымбат болып келетін күрделі процедураларға қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады.

«Тиімділігі жоғары, көп шығынды қажет етпейтін диагностикалық процедуралар арқылы аурудың алдын алуға болады. Биылғы жылы республика бюджетінен денсаулық сақтау саласына бөлінген 917 млрд теңгенің 318 миллиарды емханалық-амбулаторлық көмекке бағытталып, профилактикалық іс-шараларға басымдық берілді. Жүйелі өзгерістер жасап, ұлт денсаулығын жақсарту үшін баршамыз профилактикаға мән беруіміз керек», - дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Жоспарлы ем шұғыл көмектен әлдеқайда арзанға түседі. Дені сау адам  қол қусырып қарап отырмай, организмінде қандай өзгерістер болып жатқанын білгені жөн. Егер қандай да бір ақау немесе ауытқушылық табылып жатса, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде мемлекет есебінен тегін емделуге болады.

Денсаулық саласы сарапшыларының пікірінше, өлім-жітімнің басты себепкері болатын қауіпті 5 ауру бар. 2017 жылы олардың қатарында мынадай сырқаттар болды: қан айналымы жүйесінің аурулары – 32 мың адам қайтыс болған, тыныс жолдарының аурулары – 18 мың, онкологиялық аурулар – 16 мың, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар мен улану – 14 мың, ас қорыту органдарының аурулары – 12,6 мың.

Ресми статистика бойынша, 2016 жылы Қазақстанда осындай аурулардан 96,3 мың адам көз жұмған. Оның 39,7 мыңы - еңбекке жарамды жастағылар. Яғни, небәрі 18 млн халқы бар еліміз жыл сайын "тепсе темір үзетін" 40 мыңға жуық азаматынан айырылып отыр деген сөз.

Тегін емделу мүмкіндіктері жайлы толығырақ - Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтынан оқуға болады. Онда жеткізуші компаниялар мен тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі де бар.

Гульзира Жибекенова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір