• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:47:33
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 NEWS

Қазақстанда 12 прокурор жұмыстан қуылды

Қазақстанның Бас прокуратурасы ведомствода тексерістердің жүргізілгенін айтты.

Қазақстанның Бас прокуратурасы ведомствода тексерістердің жүргізілгенін айтты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2017 жылдың маусым айында Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасының департаментке айналғаны айтылады. Штат 6 қызметкерден 13 қызметкерге дейін көбейген.

Бөлімшелерге тек тәжірибесі бар қызметкерлер алынып отырған. Сондай-ақ, департаментте қылмыстық істерді тергейтін арнайы прокурорлар тобы құрылған. Ведомство мәліметінше, бұл жолы 12 прокурор жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған.

«Департамент биыл 191 тексеріс жүргізді. 93 прокурор түрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 12-сі жағымсыз себептермен жұмыстан босатылды, тағы алты қызметкер жұмыстан шығарылды, 15 қызметкер қызметіне сәйкес болмауына байланысты жұмыстан қуылды. 40 прокурор Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Сонымен қатар, биыл 10 қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғаны айтылады. Олардың жетеуі баcшы қызметінде болған. «Екеуі сотталды, үш іс сотта жатыр, бесеуін арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Прокурорларға қатысты жалпы саны жеті қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір