• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:29:17
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 NEWS

Қазақстан Жазушылар Одағының XV құрылтайы басталды

Құрылтайда жазушылар одағының төрағасын сайлау, одақтың кейінші жылдары атқарған жұмыстарына есеп беру сияқты мәселелер талқыланды.

Қазақстан Жазушылар Одағының XV құрылтайы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, құрылтай делегаттары, арнайы шақырылған қонақтар, Астана мен Алматының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда.

Президум шымылдығы Əнұранмен ашылды.

Құрылтайға келгендер екі съез аралығында қайтыс болған 131 жазушыны бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының құттықтауын оқыды.

Елбасы құттықтауында барша қаламгерлердің бүгінгі іргелі басқосуы Қазақстан тарихында бірегей "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатқан кезеңге тұспа-тұс келуінің зор символдық мәні бар екенін атап өтті. 

Құрылтайда жазушылар одағының төрағасын сайлау, одақтың соңғы 5 жылда атқарған жұмыстарына есеп беру сияқты мәселелер талқыланып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір