• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:26:40
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасында «Ана» телехикаясы басталды

«Ана»  телехикаясын «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 22:45-те көре аласыздар

Оқиға Туче есімді кішкентай қыздың өмірі жайында болмақ. Ол туған анасының мейірімін көрмей, өгей әкесінен қатыгездікті көріп өседі. Үлкендер тарапынан қанша қиындық көргенімен, өзінің бойындағы әсем де нәзік қасиеттерін  жоғалтпаған Туче өмірді сүйе біледі. Ол өзінің қиялындағы ғажап өмірдің бар екенін іштей сезеді, ал болашақта асқақ армандарының орындалатынына сенеді. Бір күні мектепке Зейнеп есімді жаңа мұғалім келеді. Сол сәттен бастап Тученің өмірі өзгере бастайды. Зейнеп кішкентай қыздың сабаққа деген ынтасын ғана байқамай, оның қандай қиын күйде жүргенін біле бастайды.  Бір күні Зейнеп үлкен қадам жасауға бел буады...

Рөлдерде: Джансу Дере, Вахиде Перчин, Берен Гёкйылдыз, Джан Нергис және т.б

«Ана»  телехикаясын «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 22:45-те көре аласыздар.

Сондай-ақ, «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы «Ана» телехикаясының көрермендеріне бағалы сыйлық ұтып алуға байқау жариялайды!

Сыйлықтар:

1 орын – «#Hisense LED TV» теледидары
2 орын – «Sumsung Galaxy J1» (6) /8 gb, duos/
ұялы телефоны
3 орын – электронды AVA MGA - 080 модельді ет тартқыш


Байқау шарттары:
1.  «Ана» телехикаясын 16-шы қазаннан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:45-те «Qazaqstan» телеарнасынан «Ана» телехикаясын көріңіз.

  1. Сайыс 10 күнге созылады, 16-27 қазан аралығында.
    3. Сол күнгі бөлімге қатысты сұрақты өткізіп алмай, жауаптарыңызды Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасында телехикаяның әр бөліміне қатысты салынған жазбаның астына пікір ретінде қалдыру керек.
    4. Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасына жазылу қажет.
    5. #Instagram желісіндегі @kaztrk_kz парақшасында байқау жарияланғаны туралы жабаға репост жасап, #anneqazaqstan хэштегін белгілеу шарт.
    6. Сұрақтарға барынша нақты, әрі жылдам жауап берген қатысушылар жоғарыдағы сыйлықтарға ие болады.
    7. Байқау аяқталғанша профиліңіз ашық болуы керек.
    8. Байқау жеңімпазы 30-шы қазанда «Таңшолпан» бағдарламасының эфирінде жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір