• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:39:07
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қазақстан телеарнасы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды

«Нұрлы Жол» және Тұңғыш Президент күніне арналған бейнероликтер жарыққа шықты.

Индустрияландыру күні аясында “Қазақстан” телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталмыш роликтер «Qazaqstan today» жобасының шеңберінде «IGRAPHIC» дизайн-бюросымен бірігіп әзірленді. Алдағы уақытта дайындалған бейнематериалдар Ұлттық арнада және корпорация құрамына кіретін аймақтық филиалдарда көрсетілетін болады. Жобаның басты мақсаты халықты  жаңа индустриалды жобалармен таныстырып, маңыздылығын жеткізу. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мүмкіндігі жайлы алдын-ала ақпарат беру. Бейнероликтер  Маңғыстау облысындағы Құрық портындағы паром кешені, Павлодар облысындағы қоспалы алюминий өндірісін ұйымдастыру, Алматы облысындағы металл құрастыру зауыты және басқа да Индустриализация бағдарламасының аясындағы жобаларға арналатын болады.

  Айта кетейік, «Qazaqstan today» жобасы маңызды тақырыптарды оңай түрде әрі қызықты формада жеткізеді. Сонымен қатар, “Qazaqstan” арнасында қыркүйек айынан бастап Семей полигоны, «Астана ЭКСПО-2017», қазақ тілінің латын графикасына өтуі,  «Нұрлы Жол» және Тұңғыш Президент күніне арналған бейнероликтер жарыққа шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір