• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:50:11
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

«Қазақстан шекараны қоршауды тоқтатпаса, Қырғызстан ЕАЭО құрамынан шығады»

Сарапшының пікірінше, екі ел бір-бірінен ресми түрде кешірім сұрап, екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарады деген үміт бар

Қырғыз экономисті Искендер Шаршеев  Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келеңсіздіктер мен кеше ғана болған Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты айта отырып, осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Yenicag.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қырғызстандағы президент сайлауы ойдағыдай өте жоғары деңгейде болып өтті. Тәуелсіз бақылаушылар кейбір сайлау бөлімшелерінен тек 1% ғана заң бұзушылық әрекеттерді байқаған. Сайлаудың таза өткендігіне еш күмән жоқ. Сайлау еліміздің Конституциясына сәйкес билікті бейбіт, ашық және әділ түрде бергендігіне үміттендіреді. Келесі маңызды мәселе – тұрақты және оң экономикалық өсімді құру», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар, Шаршеев Қырғыз Республикасының Президенті – заңның әділ қолданылуына, әлеуметтік даму мәселесіне және ішкі саясатқа жауап беретін дипломатиялық тұлға екендігін атап өтті.

«Еліміздің экономика мәселесіне Премьер-министр жауап береді. Қазіргі Үкіметтің бағдарламасы еліміздің экономикасына едәуір әсерін тигізетін кезеңдік реформаларға бағытталған. Мысалы, «Ашық аспан» бағдарламасы, электронды үкімет жобасы – таза қоғам. Егер бұл бағдарламалардың барлығы жүзеге асырылатын болса, біздің елімізде экономикалық өсу қарқынды түрде болады деп сеніммен айта аламын», - дейді ол.

Жаңа Президент Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту мәселесіне қатысты «Егер Қазақстан шекараны қоршауды тоқтатпаса, Қырғызстан ЕАЭО құрамынан шығады», - деп мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, екі ел бір-бірінен ресми түрде кешірім сұрап, екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарады деген үміт бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір