• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:10:21
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 NEWS

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасында жаңа жоба басталды. Бұл жайында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен министрі Facebook парақшасында хабарлады.

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз. 

Жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланады. 

«Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асты. Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері – Дильшат Рахматуллин.
Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», - деп жазады министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір