• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:59:13
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Қазақстан Қырғызстаннан келетін сүт өнімдеріне тыйым салды

0 қазанда қазақ-қырғыз шекарасында ветеринарлық бақылау күшейтілген. Қазіргі таңда шекараның 6 ветеринарлық пунктінде 32 инспектор қызмет атқарады.

Қазақстанда Қырғызстаннан келетін сүт өнімдеріне тыйым салынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, бүгінде мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз бөлігін бақылау жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Бақылау «сұр импорт» аумағын қысқарту мақсатында  ЕЭҚ заңнамасының аясында жүргізілуде.

Оның үстіне 10 қазанда қазақ-қырғыз шекарасында ветеринарлық бақылау күшейтілген. Қазіргі таңда шекараның 6 ветеринарлық пунктінде 32 инспектор қызмет атқарады.

«Бүгінде бес қырғызстандық сүт өндіру кәсіпорындарының өнімдерін Қазақстанға импорттауға тыйым салынды. Себебі кәсіпорындардың инспекциясы мен иморттық өнімдердің мониторнгін бұзу бұдан бұрын анықталған. Екі қырғызстандық кәсіпорындарға қатысты зертханалық бақылау күшейді», - делінген хабарламада.

13 қазанда «Қарасу» бекетінде ветеринариялық сертификатты рәсімдеу кезінде бұзушылықтары анықталған азық түлік тауарлары бар көлік ұсталды. Нәтижесінде, 226,9 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жүк көлігі кері қайтарылды.

Қырғыз Республикасының ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мемлекеттік инспекциясының директоры Қалым Жұмақановтың айтуынша, Қазақстанда  28 отандық кәсіпорынның өнімін импорттауға құқығы бар, оның 15-і сүт өнімдері. Алайда Жұмақанов тыйым салыну туралы ақпараттан хабарсыз болып шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір