• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:15:38
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Саясат

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның сегізінші хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Әңгімелесу барысында тараптар Боао Азия форумы мен Астана экономикалық форумы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президентінің Бірлескен Ұлттар Ұйымымен серіктестік қарым-қатынастарының дамуына қосқан жеке үлесін ылғи да қолдап, алқап жүретін экс-бас хатшысы Пан Ги Мун Астана экономикалық форумына келді, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Форум аясында көне достардың жеке кездесуі өтті.

– Сіз Қазақстанда бірнеше рет болдыңыз. Біз ядролық қарусыздану бағдарламасы бойынша бірлесе жұмыс істедік. 29 тамыз бүкіл әлемде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Сізбен және Корея Республикасымен арамызда өте жақсы достық қарым-қатынас қалыптасты, – деді Мемлекет басшысы.

Пан Ги Мун Астана экономикалық форумы жаһандық сын-тегеуріндерді талқылап, оларды еңсеру жолдарын табу ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Қазақстанға жаңа қызметімде алғаш рет келіп отырғаныма қуаныштымын. Жаһандық көптеген проблемалар бар, мен оларды шешу үшін қолдау көрсетуге әзірмін. Астана экономикалық форумы тек қазіргі өзекті тақырыптарды ғана емес, сондай-ақ жаһандық дамудың келешектегі мәселелерін де талқылауға арналған алаңға айналып отыр, – деді Боао Азия форумы кеңесінің төрағасы.

Әңгімелесу барысында тараптар Боао Азия форумы мен Астана экономикалық форумы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамыту саласында, ғылыми-инновация секторы мен білім беру ісінде байланыстар орнатудың перспективаларын талқылады.

Айта кететін болсақ, 2010 жылы Пан Ги Мун Астанаға келген сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік, әлеуметтік әділеттілік және жаһандық деңгейдегі тұрақты даму саласында сіңірген айрықша еңбегі үшін БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Муннің 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап айтты және оған жоғары марапатты табыс етті. 

Araily Zhaqsylyq

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір