• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:44:40
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі бірлескен жұмыс тобын құрды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 18 қазаны күні өткен келіссөздерден соң мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 18 қазаны күні өткен келіссөздерден соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьерминистрдің сайтына сілтеме жасап.

«Қазір ғана Премьер-Министр Сапар Исаков бастаған Қырғызстанның ресми делегациясының өкілдерімен келіссөздер аяқталды. Бұл құрамында 30 адамы бар айтарлықтай үлкен делегация болатын. Өз кезегінде делегация өкілдерінің ауқымдылығы кең көлемдегі экономикалық мәселелер бойынша, жан-жақты әңгіме жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кездесу жуырда ғана қырғыз тарапының бастамасымен телефон арқылы болған әңгімеден соң ұйымдастырылды»,-делінген Үкіметтің ресми сайты таратқан мәлімдеме мәтінінде.

«Біріншіден, біз екіжақты экономикалық қатынастардың проблемалық мәселелерін талқыладық. Олар біздің елдеріміздің шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау мәселелері бойынша өзара ықпалдастық мәселелерін қамтиды.

Сонымен қатар, ЕАЭО пен ДСҰ-ның сәйкес нормалары мен ережелері негізіндегі кедендік және салықтық әкімшілендіруге қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Мысалы біздің кеден органдарымыз қырғызстандық импорт тасымалдаушылардың Қытайдан Қазақстан шекарасы арқылы тауар тасымалдаған кездерінде декларациялау шараларын талапқа сай өткізбеу әрекеттерін анықтайды. Оның салдарынан Қазақстан экономикасы зардап шегеді. Қырғыз тарапы алдыға қойылған мәселелермен келісті. Премьер-Министр Сапар Исаков Қырғызстан тарапынан өз міндеттемелері мен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық мүдделерін орындау бағытындағы проблемаларды шешуде тиімді шаралардың қолданылатынына кепілдік берді.

Екіншіден, біздің келіссөздеріміздің нәтижесінде Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен Жол картасын әзірлеу керек болады. Жол картасы әзірленген соң тараптар келісілген мәселелердің жүзеге асырылуын толықтай қамтамасыз етулері керек болады.

Біз сонымен қатар 2017 жылдың 19 қазаны күні сағат 00-00-ден бастап, екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келістік. Бұл талаптар негізінен: Қордайда жүгі бар жеке тұлғалар, тұрақты жолаушылар тасымалдайтын автокөлік құралдары, жеңіл көлік, жүк көліктері үшін қолданылады».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір