• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:19:20
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Экономика

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеңеюде және жаңа деңгейге көтерілуде.

Бүгінде Қазақстан алдында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауқымды міндеттерге орай FAO-мен ұсынылатын техникалық және кеңестік қолдау, ақпараттық ресурстарды қолдану мүмкіндігі үлкен маңызға ие. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Өңірлік конференциясының 31-ші сессиясы болып өтті. Аталған іс-шара барысында ФАО Бас директоры Жозе Грациано де Сильва мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тараптар Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады.

ФАО-ның Бас директоры Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған мақсаттағы позициясын қолдады және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанның аграрлық ғылымы мен білімін дамыту қажет деп атап өтті.

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеңеюде және жаңа деңгейге көтерілуде. Мысалы, ФАО Қазақстандағы бірнеше жобаларды іске асырады, олар: органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, жайылымдарды басқару, шегірткемен күрес, тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру, азық-түлік тізбектерінің дамуын қолдау және экспорт, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.

 2015 жылдың соңында өндірісті дамытуға жағдай жасайтын және органикалық өнімдердің экспортын ұлғайтатын «Органикалық өнімдерді өндіру туралы» заң қабылданды. Қытай мен еуропалық елдер қазірдің өзінде қазақстандық органикалық өнімдерге қызығушылық танытуда.

ФАО ұсынатын ақпараттық ресурстарды пайдалану, техникалық және консультациялық қолдау, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуда өте маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы әзірленуде.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) БҰҰ жүйесінің мүшесі болып табылады және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысады. ФАО тамақтану, азық-түлік және ауыл шаруашылығы туралы ақпаратты жинайды, талдайды, түсіндіреді және таратады. Ұйымның функциясына мүше елдерге техникалық көмек көрсету кіреді. Қазіргі уақытта ФАО-ның құрамына 197 мемлекет кіреді.

Еске сала кететін болсақ, Қазақстанда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) офисі 2 жыл бұрын, 2016 жылы сәуірде ашылған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір