• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:32:29
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2018 NEWS

Қазақстан мен АҚШ кинологтары тәжірибе алмасып жатыр (фото)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімінің базасында кинолог мамандардың біліктілігін жоғарылату курсы ашылды.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер кентінде орналасқан  6654 әскери бөлімінің базасында кинолог мамандардың біліктілігін жоғарылату (қайта даярлау) курсы ашылды. Аталған курс Америка құрама штаттарының Қазақстан Республикасы елшілігіндегі әскери ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруы арқылы, есірткімен күрес бағдарламасы аясында  өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Төрт аптаға созылатын оқу барысында АҚШ-тың контрабандамен күрес жөніндегі тәжірибелі мамандары Ұлттық ұлан кинологтарына жаңа әдістерді үйретпек. Ұлттық ұланның әр өңірінен келген кинолог мамандар мен олардың қызметтік иттері героин, марихуана және синтетикалық есірткілерді табу жолдарының мейлінше жетілген тәсілдерін меңгеретін болады. Осы мақсатта іс-тәжірибелік оқулар мен тренингтер неғұрлым шынайы болуы үшін арнайы нысандарда өткізіледі.  Бұл курстың Қазақстан және Америка сарапшылары үшін кинология саласында пікір алмасу, өзара ынтымақтастық шараларын кеңейту және қызметтік иттерді дайындау бойынша  тәжірибе бөлісуде  берері зор.

Алматы облысы

Оқу курсының ашылуына Америка тарапынан  есірткімен күрес бағдарламасының менеджері майор Кристофер Кент және кинолог-нұсқаушылар Брюс Гудэйл мен Скот Зайтнер келді. Майор К.Кент сөйлеген сөзінде  аталған бағдарлама аясында бұл Қазақстанда өткізіліп жатқан үшінші, ал Ұлттық ұланның өзінде бірінші курс екендігін атап өтті. Әр елде қолданылатын итпен есірткі іздеу тәсілдері әр түрлі екендігін, соның ішінде америкалық тәсілдерді де біздің тәжірибеге қосу мақсатында келгендіктерін айтты. Кинолог-нұсқаушы Б. Гудэйл арнайы алып келген жабдықтарымен таныстырып, оларды қалай қолдану керектігін көрсетіп шықты.  Халықаралық тренинг соңынан ұландықтар емтихан тапсырып, сертификат алады, курсты аяқтаған әр кинологқа америкалық құрал-жабдықтар сыйға беріледі. Арнайы курстан өткен мамандар болашақта   америкалық тәсілді үйрету бойынша дербес нұсқаушы бола алады.

Алматы облысы

Айта кетер болсақ, Қаракемер кентіндегі кинологиялық орталық – Ұлттық ұландағы бірегей орталықтың бірі. Қызметтік иттердің тұқымын асылдандыру, көбейту, оларды қажетті мақсатта пайдалану үшін дайындау және қызметке пайдалану 1962 жылдан бастап қолға алынған. Әр жылда  екі жүзден астам әскери қызметші Қазақстанның әр өңірінен келіп, әскери кинолог мамандығын  алып шығады. 

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,

майор Баймағанбетова Данара

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір