• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:17:09
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 NEWS

Қазақстан мәйітханаларындағы жантүршігерлік жағдай

Соңғы бес жылда жұмыс орнында 56 маман туберкелез ауруын жұқтырды

Сот сарапшыларының жұмысы қиын. Жалақы төмен, жұмыс көп және ВИЧ, С гепатитін жұқтыру қаупі жоғары деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Әділет министрлігі мен депутаттар сот сараптамасын сапалы ету мен маман өмірін жеңілдету жолдарын қарастырды.

Депутаттар мәйітханада

Биыл үкімет сағатына мәжілісмендер үлкен дайындықпен келді. Олардың көбі Қазақстанның бірқатар облыстарын аралағанда мәйітханаларға да бас сұқты.

– 2013 жылы премьер-министр бірқатар министрлікке мәйітхананы жақсы қалыпқа келтіруді тапсырған, - деді ҚР Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко.

Астанада КСРО кезінде салынған мәйітхана өте кішкентай екенін, ғимараттың қазіргі қала тұрғындарынан бес есе аз адамға арнап салынғанын мысал етті.

Алматы мәйітханасындағы жағдай да нашар екенін айтады. «Қаржы министрлігі жаңа мәйітхана құрылысына қаржы бөлмейді, ал жауапты ведомствалар бір-біріне сілтейді», – дейді Владимир Божко. Оның сөзінше, Қазақстанда видеофотография мен психофилология арқылы сараптама жасай алатын мамандар жетіспейді.

Аз жалақыға жұмыс істейтін сарапшы

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров 20 жылдық тәжірибесі бар мамандардың өзі айына 120-150 мың жалақы алатынын айтады.

– Мамандардың жұмысы жауапкершілікті талап етеді және жүйкеге салмақ түсіреді. Олар ВИЧ, туберкулез, С гепатитін жұқтыруы мүмкін.

Соңғы бес жылда жұмыс орнында 56 маман туберкелез ауруын жұқтырды. Оның ішінде дәрігер, мейірбике бар. 26 қызметкер гепатитке шалдыққан.

Сот сарапшыларына ВИЧ/СПИД-пен ауырғандардың мәйіттерімен жұмыс істегенде қосымша қаражат төленбейді. Бұл мәселе әлі шешілмеген.

Екі жыл бұрын сот сараптамасы әділет министрлігінің құзырына өткенде Қазақстанда бұл мамандық мүлде жойылып кете жаздады. Депутаттардың айтуынша, аталмыш мамандықты тек «Астана» медицина университетінде оқытады және ҚазҰУ-да ғана біліктілікті арттыру курсы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір