• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:52:40
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2017 Ұлы көш

Қазақстан Көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленді

Шетелде тұратын этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жағдай жасау мен көшті ынталандыру,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2017-2021 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Министрлік, мемлекеттік ортақ мүдде мен көші-қон үдерістерінің әлемдік даму үдерістерін сақтай отырып, алдағы бес жыл көлеміндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді және негізгі көзқарастарды айқындайтын 2017-2021 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуде.

Құжатта басты межелер ретінде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында халықты үйлестірілген тең сипатта қоныстандыру мен жұмыс күшін тиімді орналастыруға қол жеткізу көзделуде.  

Алға қойылған мұрат үдесінен шығуда бірқатар түйткілдерді тарқату болжануда:

1) шетелдік жұмыс күшін іріктеу мен қолданудың сараланған тетіктерін түзу;

2) ішкі көші-қонды дамыту мен халықтың ұтымды орын ауыстыруын қолдау;

3) шетелде тұратын этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жағдай жасау мен көшті ынталандыру, олардың бейімделіп, ықпалдасып кетуіне септесу;

4) заңсыз көші-қонға қарсы тұру.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ         2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. Кіріспе
  2. Ағымдағы жағдайды талдау
  3. Көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесі
  4. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсаты, міндеттері және негізгі тәсілдері
  5. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері. Күтілетін нәтижелер
  6. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

 

  1. КІРІСПЕ

 

          Тәуелсіздікке ие болған сәттен бастап Қазақстан әлемдік қауымдастықтың  жаһандануы үрдістеріне сай келетін және көші-қон ағынын ұлттық қауіпсіздікті нығайту мүдделері, демографиялық  жағдайды  жақсарту және елдің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында пайдалануға бағытталған өзіндік көші-қон саясатын  жүзеге асыра бастады.

          Тәуелсіздік жылдары көші-қон ағыны қоғамдағы өзгерістердің стратегиялық бағыттарына және арнайы әзірленген бағдарламалық құжаттарға, атап айтқанда  Қазақстан Республикасы Президентінің                           2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамаларына сәйкес іске асырылып келді.

Өз кезегінде, халықтың көші-қоны саласындағы қазіргі таңда орын алып отырған және күтілетін сыртқы және ішкі сын-қатерлерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайын, біліктілігі төмен еңбек ресурстарының молдығын, білікті кадрлардың тапшылығы мен олардың сырт елдерге жаппай кетуін ескере отырып, осы Тұжырымдама  аясында  көші-қон саясатының  тұжырымдамалық  негіздерін  жаңарту  қажеттілігі туындап отыр.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы халықаралық міндеттемелерге, 2015 жылғы қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен қабылданған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму мақсаттарына, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес  әзірленген.

          Тұжырымдама Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының  Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және демографиялық  дамуы перспективаларымен, сыртқы саясатымен, Еуразиялық  экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕЭО) шеңберіндегі  интеграциялық процестерімен және жаһанданудың  жалпы әлемдік  үрдістерімен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін  және бағыттарын  белгілейді.

         

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

          Қазақстан Республикасы шетелдік қызметкерлерді тартуда уақытша көші-қон стратегиясын, ал Қазақстан Республикасына көшіп келетін  этникалық репатрианттарға қатысты тұрақты ұзақ мерзімді көші-қон стратегиясын ұстануда.

          Сонымен қатар, Қазақстанның дүниежүзілік отыз дамыған мемлекеттің қатарына енуі жолында қойылған мақсаттары, сондай-ақ орын алып отырған  және күтілетін ішкі және сыртқы сын-қатерлер көші-қон саясатының тұжырымдамалық негіздерін кеңейтуді талап етеді.

          Ішкі сын-қатерлер:

- біліктілігі төмен жұмыс күшінің молдығы және білімінің деңгейі жоғары емес экономиканың жеке секторларындағы білікті кадрлардың тапшылығы.  Олар шектеулі инновациялық әлеуеттің себептерінің бірі болып табылады;

- қалалар мен жеке аумақтарда халықтың көп орналасуы. Бүгінде оңтүстік өңірлердегі туу деңгейі жоғарғы, халық көп қоныстанған өңірлерде жұмыс күшінің артуы және этникалық мигранттардың орналасуы әлеуметтік шиеленістің ошағына айналуда;

- шекаралас  аумақтардың босап қалуы және солтүстік аумақтарда  халық санының, әсіресе еңбекке қабілетті азаматтар санының қысқаруы  олардың экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі қиыншылықтарға әкеп соғады  және жалпы  елдің  ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді;

          - білімге, балалар мен қарттардың денсаулығына жұмсалатын шығындардың мол болуы мемлекеттік бюджетке түсетін жүкті арттыра түсіреді.

          Сыртқы сын-қатерлерге мыналар:

- Орталық Азия, Қытай Халық Республикасы және Түрік Республикасынан ағылып келуі күтілетін біліктілігі төмен мигранттар санының өсу қауіпі;

          - білікті кадрлардың және дарынды кадрлардың сырт елдерге жаппай кету  қауіпі. Бұл ретте, жақын келешекте негізгі реципиент Ресей Федерациясы болмақ. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында көші-қон саясатын ұзақ мерзімді тұрақты көші-қонға бағдарлау  және кадрлардың біліктілігін арттырудың қоғамдық бағдарламасын іске асыру  мәселелері қаралуда.

          - экономикалық өсімді қамтамасыз ететін жаңа бастамалардың болмауы салдарынан сыртқы инвестициялар көлемінің төмендеуі.

          Аталған сын-қатерлер төмендегі стратегияны сүйемелдейтін жаңа көші-қон саясатын қалыптастыруды талап етеді:

          1) экономиканың жекелеген секторларына немесе нақты басымдықты жобаларға шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған уақытша көші-қон. Ол ел экономикасының базалық салаларында  экомикалық тиімділікті  тез қамтамасыз етуге бағытталады;

          2) жаңа инновацияларды енгізуге, іскерлікті жоғарылатуға және адами капиталды дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жобаларға білікті шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған ұзақ мерзімді көші-қон. Ол экономиканың  мүлдем жаңа салаларының, өндіріс түрлерінің, өнімдердің пайда болуына жағдай жасай отырып, экономиканың әлемдік аренадағы  бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады.

          3) біліктілікті арттырудың жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру. Ол еңбек нарығын кезең-кезеңмен ұлттық кадрлармен толықтыруды және экономиканың  білікті кадрларға деген сұранысын қамтамасыз етуі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауды көздейтін болады.

          Стратегияның барлық үш бағыты бір-біріне тәуелді болып  келеді және көші-қон саясатының жүйелілігін қамтамасыз ете отырып, қатар іске  асырылатын болады.

          Көрсетілген стратегиялар сыртқы, ішкі көші-қонды реттеудің мазмұндық негізін құрайтын болады.

              Қазіргі уақытта еліміздің географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы Қазақстанды транзитті көші-қон торабына айналдырды.  

          Мәселен, соңғы 5 жылдың өзінде елімізге шамамен 6,1 млн. шетелдік азамат келген. Олардың көбісі (5,3 млн. адам) жеке шаруасымен және шамамен 300 мыңға жуық адам қызмет бабымен келген.

          Сыртқы көші-қонға келер болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көші-қон сальдосы теріс болды. 1991 және 2003 жылдар аралығында халықтың елден жылыстауы орта есеппен жыл сайын 225,5 мың адамды құрады. 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін көші-қон сальдосы тұрақты оң болды (өсім 11,7 мың адам жыл сайын). Еңбек көші-қоны арта түсті.

Соңғы бесжылдықта көші-қон сальдосы қайтадан теріс аймаққа өтті.

Этникалық көші-қон нәтижелері өнеге тұтарлық. 1991 жылдан бастап келген этникалық репатрианттар саны 1 млн. адамнан асты. Көшіп келген оралмандардың демографиялық үлесі нәтижесінде тәуелсіздік жылдары көші-қонның теріс сальдосының деңгейін 28% төмендетілуіне қол жеткізілді.

Ішкі көші-қон стихиялық түрде дамыды. Оның белсенді түрде  басқарылуы 2009 жылдан басталды.

          Бүгінгі күнге елімізде келесідей көші-қон саясаты қалыптасып отыр.

          Бірінші. Сыртқы көші-қон процесін басқару саласында.

          Бұл сегментте еңбек көші-қонын реттеу ерекше орында. Қазақстанда бүгінде шетелдік жұмыс күшін тартудың кешенді жүйесі жұмыс істейді. Білікті шетелдік жұмыс күшін және еңбекші иммигранттарды квоталау жүйесі, жұмыс рұқсаттарын берудің көп сатылы жүйесі қолданылады. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберінде еңбек ресурстарының мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша еркін  режимі жұмыс істейді.

          Бұл еліміздің инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларын дамыту үшін қажетті білікті шетелдік жұмыс күшінің жеткілікті санын тартуға мүмкіндік берді. Соңғы 5 жылда  жыл сайын жұмыс рұқсаты бойынша білікті шетелдіктердің санының 2012 жылғы 24 мыңнан 2017 жылдың басына 36,8 мың адамға артқаны байқалуда.

Жеке тұлғалардың шаруашылығындағы жұмысқа біліктілігі төмен еңбек миграттары тартылады. Жұмыс күшінің біліктіге жатпайтын бөлігінің орнын толтыру үшін қазіргі уақытта елге еңбекші иммигранттар тартылуда. Олар ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша тартылады. Практика көрсетіп отырғандай, мұндай тәртіптің енгізілуі арқасында жұмыспен бейресми түрде қамтылу деңгейі төмендеуде. 2017 жылдың тек 6 айының ішінде 147 мың еңбек  иммигранттары тіркелді.

          Қазақстанда тұрақты негізде елімізге білікті шетелдік мамандарды тарту жағдайларын одан әрі жақсарту бағытында жүйелі шаралар әзірленеуде. Мәселен, 2015 жылғы мамырда бекітілген, 2015-2016 жылдары қолайлы көші-қон режимін құру көзделетін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес:

- жұмыс беруші үшін жұмыс рұқсаттарын беру рәсімдерін жеңілдету шаралары қабылданды;

- шетелдік жұмыскерлердің корпорациялар ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік  сауда ұйымына  кірген кезде өзіне алған міндеттемелерге сәйкес келтірілді;

- шетелдік мамандарды  олардың жұмысқа өздігімен жұмысқа орналасып тартылудың  жаңа жүйесі әзірленді.   2017 жылдан бастап Қазақстанға жұмыс іздеу үшін өз бетінше келетін шетелдіктерге аталған жоғары білімі мен біліктілік деңгейін растайтын анықтамалар беріледі, ізденушілер олар бойынша республика аумағында кедергісіз жұмыс істей алады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қолайлы инвестициялық климат жасау мақсатында шетелдік азаматтарға қатысты қолданылатын визалық режимді ырықтандыру шаралары жалғасуда. Экономикасы дамыған 48 елдің азаматтары үшін 1 айға бірмерзімдік виза беру процедурасы жеңілдетілді.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасымен 20 елмен визасыз режим туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап арасында Экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы және Еуропалық Кеңес мүшелері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірлігі, Малайзия, Сингапур және Монако Княздігі  бар 45 мемлекеттің азаматтары  Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап 30 күнге дейін Қазақстанға визасыз кіру құқығына ие болды. 

Әлемде қалыптасып отырған халықаралық саяси жағдайды ескере отырып, еріксіз мигрант-босқындарды қабылдау мен бейімдеу мәселесі өзекті болғалы тұр.

Қазақстан Республикасы 1998 жылдың желтоқсанында 1951 жылғы босқын мәртебесі туралы Конвецияға және оның 1967 жылғы Хаттамасына ресми түрде қосылып, халықаралық қауымдастық алдында босқындарға қатысты жекелеген міндеттерді өзіне алды. Бірінші кезекте, бұл жер аудартпау, процедураға қол жетімділік, ақпараттандыру, шешімді қайта қарау мүмкіндігі және істің қаралу мерзіміне тіркеу мен апелляцияға беру қағидаттары.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында босқын болып танылғандардың саны 628 адамды құрайды, олардың 599 – Ауғаныстан азаматы.

              Дегенмен, еңбек көші-қоны процестерін басқаруда бірқатар проблемалар сақталуда, соның ішінде:

  1. Қазақстан Республикасына еңбек көші-қонын тарту жүйесі көші-қон ағынының өзге де бағыттарымен ұштаспаған.

          Қазіргі уақытта ішкі көші-қон да (жұмыс қолы көп өңірлерден еңбек ресурстарына қажеттілік жоғары өңірлерге қоныстану бөлігінде), сыртқы еңбек көші-қоны да заң жүзінде өңірлік еңбек нарығын дамытуға, оларды жеткілікті дәрежеде жұмыс күшімен (жергілікті және шетелдік) қамтамасыз етуге бағдарланған. Алайда, іс жүзінде көші-қон саясатында жүйелілік жоқ және әр көші-қон саясатының әр бағыты бір-бірімен байланыссыз оңаша жұмыс істейді. Бұл шетелдік жұмыс күші мен жергілікті еңбек ресурстарының теңгерімсіз пайдаланылуына әкеп соғып, ұлттық еңбек нарығының теңгерімсіздігіне әсер етеді.

  1. Өңірлік еңбек нарықтарында білікті шетелдік жұмыс күшіне сұранысты айқындаудың тетігі жоқ.

          Қазіргі уақытта өңірлердің шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысы квота белгілеу рәсімімен айқындалады. Көп жағдайда өңірлік квота  республиканың стратегиялық бағдарламалық құжаттарында көзделген өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын орындауға бағдарланбайды.

  1. Еңбекші мигранттардың қозғалысын есепке алу және оны қолданудың тиімділігін айқындау жүйесі жетілдірілмеген.

Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшінің, оның ішінде ЕАЭО елдерінен келетіндердің (біліктілігі және біліктілігі жоқ) барлық ағындарын статистикалық есепке алу әдіснамасы жоқ. 

  1. Түрлі қызмет салаларынан білікті жұмысшы кадрлардың жылыстауы орын алуда және дарынды азаматтарды елде ұстап қалудың тетігі жоқ.

Соңғы үш жылда Қазақстаннан тұрақты тұру мақсатымен 93,9 мың адам көшіп кетті, оның 41,6%-ын  жасы 15 пен 34 аралығындағы жас адамдар құрайды. Ресей Федерациясына – 79,8 адам, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерден көшіп кету аса көп.

  1. Заңсыз еңбек миграциясы сақталуда.

Сарапшылардың  бағалауы бойынша заңсыз  еңбек көші-қоны заңды  еңбек мигранттардың санынан бірнеше мәрте асады. Негізінен бұл  Өзбекістан мен Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Әдетте, заңсыз еңбек мигранттарына қатысты Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасының нормалары  қолданылмайды. Олар  еңбек шартынсыз еңбек етіп, төмен мөлшердегі жалақы алады. Бұл болса, Қазақстанның еңбек нарығында адал емес бәсекелестікті туғызып, әлеуметтік шиеленістің туындауына әсер етеді.

Яғни, сыртқы еңбек көші-қоны саласында оң үрдістермен қатар,  шешуді  талап ететін  елеулі  проблемалар да орын алуда. 

Екінші. Тарихи отанына этникалық қазақтардың қайтуы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары этникалық қазақтардың (бұдан әрі – этникалық репатриант) ерікті түрде елге оралуын ынталандыру саясатын жүргізуде.

Өзбекстан (61,6%), Қытай (12,1%), Моңғолия (11,7%), Түркменстан Республикалары (7,1%) этникалық қазақтардың кеткен негізгі елдері болып табылады.

Этникалық қазақтардың шыққан елдерін ескере отырып, олардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (21,6%), Алматы – (16,8%), Маңғыстау – (13%), Жамбыл – (9,3%) облыстарында қоныстанды.

Этникалық репатрианттардың басым бөлігінің білім деңгейі бойынша жалпы орта білімі (61,1%) және арнайы орта білімі (20,5%) бар.  

Этникалық репатрианттың 43,7% (439 430 адам) келген уақыты этникалық репатрианттардың қоныстануының неғұрлым жоғары белсенділігі 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңге тұспа-тұс келеді. Бұл аталған кезең  әлеуметтік қолдаудың неғұрлым қолайлы шараларының көрсетілуімен байланысты (мемлекет есебінен тұрғын үй, көшуге субсидия және т.б. қаражат бөлу).

Сонымен қоса, осы кезде этникалық репатрианттарды мемлекеттік қолдау шараларын талдау оларды көрсетуде жүйеліліктің жоқтығын және пайдаланылатын құқықтық тетіктерді жеткілікті түрде келісілмегенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта этникалық көші-қонның ағымдағы жағдайы мыналармен:

1) ел өңірлерінің еңбек ресурстарына қажеттілігін есепке алмай, оларда этникалық репатрианттардың біркелкі қоныстанбауы. Оралмандардың қолайлы табиғи климаттық жағдайлары бар халқы тығыз мекендерге жаппай қоныс тебуі немесе әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейімен салыстырмалы түрде тиісті аумақтағы әлеуметтік шиеленіске ықпал ететін фактор болып табылады;

2)  этникалық репатрианттардың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді және тілдік кедергілердің себебінен, қазақстандық қоғамға әлеуметтік-мәдени ықпалдасуының төмен болуымен;

3) жұмысқа орналастыру мен бейімдеу проблемаларымен;

4) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының жеткіліксіздігімен сипатталады.

Осы және басқа да проблемалар этникалық көші-қонның мемлекеттік реттелуін одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Үшінші. Ішкі көші-қон процестерінің реттелуі.

Қазақстан Республикасында ел ішіндегі халықтың көші-қондық белсенділігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Республикада соңғы 5 жылда ішкі мигранттардың саны 337,8 мың адамнан (2012) 2016 жылы 610,7 мың адамға дейін артып, оның ішінде, өңіраралық көші-қонда (бір өңірден басқа өңірге) – 294,0 мың адам; өңірлік көші-қонда (бір өңір ішінде) – 316,7 мың адам қатысқаны байқалады.

Көші-қон туралы шешім қабылдауға әсер ететін негізгі фактор экономикалық болып табылады. Адамдар жоғары жалақы мен өмірдің жақсырақ жағдайларын және т.б. іздеумен көшіп-қонады.

Халықтың көшіп кетуінің ең көп үлесінде елдің оңтүстік өңірлері орын алады. Халық келуінің негізгі өңірлері Алматы, Астана қалалары, Алматы, Маңғыстау және Қарағанды облыстары болып табылады.

Ішкі көші-қондағы басым нысан ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аудару болып отыр. Бір жағынан бұл елдің урбандалу процесіне ықпал етеді. Басқа жағынан қалаларға стихиялық көшіп қону жағымсыз әсерлермен    толығуда. Көшіп келген ауылдық тұрғындардың біліктілігі көп жағдайда өте төмен және жұмыссыздық пен заңсыз жұмыспен қамтылуға алып келетін еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейді. Қалалар мен қалашықтардың жүйесіз өсуі экологиялық, көліктік, баспана және әлеуметтік проблемалардың асқынуына алып келеді.

Стратегиялық және бағдарламалық бастамалар шеңберінде ел азаматтарын қоныс аударуға ынталандыруға және оны реттеуге бағытталған шаралар қолданылды, алайда мұндай қоныс аудару үнемі тар шеңберлі сипатта болды.

Мәселен, «Дипломмен ауылға!» жобасының шеңберінде 2009 жылдан бері ауылдық елді мекендерге  жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары көзделді.

Мұндай мамандар үшін:

- 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;

- тұрғын үй алуға және салуға 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен мерзімі 15 жылға 1, 500 АЕК мөлшерінде бюджеттік кредит беру;

- орналасқан ауылдық елді мекендерде әлеуметтік сала мекемелері мамандарының лауазымдық жалақысын (тарифтік мөлшерлемесін) кемінде 25%-ға арттыру қарастырылды.

Сондай-ақ, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жоба шеңберінде «Серпін – 2050» білім беру бағдарламасы бастау алды. 2014 жылдан 2016 жылдары аралығында республикамыздың 8 облысында 22 жоғарғы оқу орнында және 54 колледжде 11 мың студент  еліміздің 5 өңірінен келіп білім алды.

2015 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулермен алғаш рет азаматтардың қоныс аударуын реттеудің біртұтас жүйесі бекітілді. Халықтың қоныстануындағы диспропорцияны түзету мақсатында халықтың еңбек күші аз өңірлерден еңбек нарығының даму әлеуеті жоғары өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуын экономикалық ынталандыру көзделеді.

Үкімет қоныстандырудың нақты өңірлерін айқындап (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар,  және Солтүстік Қазақстан облыстары) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгіледі. Ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жоғарыда көрсетілген өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін мемлекеттік қолдау және қамтамасыз ететін қоныс аударушылар отбасыларының шекті санын айқындайды.

2014-2015 жылдары ішкі көшіп-қонушыларды есеспке алуды жақсарту, тіркеу рәсімдерін жеңілдету мен жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.

Халықтың ұтқырлығының артуымен қатар (көп жағдайда стихиялық сипаттағы) бірқатар кері үрдістер орын алды:

1) демографиялық теңсіздік пайда болды және ол күшеюде. Қазіргі уақытта елдің солтүстік өңірлерінде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) халық саны (барлығы шамамен 2,2 млн. адам) және орналасу тығыздылығы 6,8 млн. адам тұратын оңтүстік өңірлермен салыстырғанда едәуір аз (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары).

Болжамды деректер бойынша 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға қысқаруы, ал оңтүстік өңірлердегі халықтың                 5,2 млн. адамға артуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы іс жүзінде солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады.

Бұдан басқа, солтүстік өңірлерде егде жастағы азаматтардың үлес салмағының жоғары екендігі байқалады. Қартаю индексі Солтүстік Қазақстанда – 53,1, Қостанай – 51,1 және Шығыс Қазақстан облыстарында – 46,2 жоғары, ал оңтүстікте керісінше егде жастағы адамдардың саны көп емес (Оңтүстік Қазақстан облысында – 12,1, Қызылорда облысында – 14,9).

2) экономикалық теңсіздік байқалады. Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерде (Алматы қаласын есептемегенде) халықтың 38%-ы тұрады, сөйте тұра  олардың жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) үлесі 17%-ды ғана құрайды. Солтүстік өңірлерде (Астана қаласын есептемегенде) 17% халыққа                   ЖӨӨ-нің 13%-ы келеді. Бұл халықтың көп шоғырланған өңірлеріндегі озық экономикалық өсімнің әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді.

3) ішкі көші-қон ағынының артуы халық санының кемуімен байланысты ауылдардың бос қалуымен, моноқалалардағы және шағын қалалардағы жұмыспен қамтылуыдың өнімдік проблемаларының асқынуымен сүйемелденеді. Қиын жағдай Қазақстан Республикасының жекелеген шекаралас аймақтарында қалыптасып отыр. Бар инфрақұрылымның жай-күйінің нашарлауы, қажет қызметтердің қашықтан алынуы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне, халықтың елдің шалғайына кетуі мен едәуір аумақтың депопуляциясының күшеюіне алып келеді.

4) әлсіз басқарылатын көші-қон процестері жекелеген жағдайларда көшіп-қонушылар бөлігінің маргиналдығы мен криминалдығымен күшейтеді, жергілікті еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің асқынуын тудырады және тұрғын үй әлеуметтік шиеленіс ошақтарын туындатады. 

Белгілі бір дәрежеде бұл ішкі көші-қонды басқару жүйесіндегі кемшіліктірмен байланысты:

1) ішкі көші-қон ағындарын өңірлік экономикалық өсу аймақтарына жіберудің мемлекет ынталандыратын нақты жүйесі құрылмаған.

2) Бұл ретте, көптеген азаматтар өзінің жеке меншік құқығында тұрғын үйі бола тұра тіркелмегенді жөн көреді. 2017 жылғы қаңтардан бастап адамдарға тіркелмегені үшін жауапкершілік енгізілуі жағдайды біршама жақсартты, алайда ішкі көші-қонды толыққанды есепке алу үшін бұл да жеткіліксіз болып қалды.

Ағымдағы жағдайдың талдануы жағымды өзгерістермен қатар Қазақстан Республикасының Бағдарламалық құжаттарын іске асыру жолындағы әлеуметтік қатерлерді күшейтіп, кедергілер тудыратын сыртқы және ішкі көші-қонда да белгілі бір проблемалардың болуы туралы куәландырады.

Аталған проблемаларды шешуге халықаралық тәжірибені зерттеуге көмектеседі.  

 

  1. КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІН РЕТТЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

 

Шет елдердің дамуын талдау әлемде көші-қон процестерін реттеудің бірыңғай әмбебап моделі жоқ екенін көрсетеді. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесін ескере отырып, өз көші-қон саясатын қалыптастырады.

Сыртқы еңбек көші-қоны саласында

Ұлттық еңбек ресурстарының дамуы шетелдік жұмыс күшін тартуға негіз болатын экономиканың және оның жекелеген салаларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерінен жиі қалып жатады.

Еңбек көші-қонын басқару деңгейі әртүрлі. Сонынмен, мәселен, Франция, Германия және Испанияда басқаруда биліктің жергілікті органдары маңызды рөл атқарады, басқа елдерде жалпыұлттық реттеу басымдық танытады.

Еңбек нарығын мониторингілеу мен болжамдау мақсатында оған талдау жүргізу үшін өкілеттіктер мен функцияларды нақты айқындаумен мықты талдамалық құрылымның болғаны маңызды (Ұлыбритания тәжірибесі – Көші-қон жөніндегі кеңесші комитет, Migration Advisory Committee). Аталған құрылымда еңбек нарығы бойынша елдегі барлық ақпаратқа қолжетімділігі болуға және ол жұмыс күшінің ағымдағы тапшылығын анықтау мақсатында үнемі талдау және мониторинг жүргізуге, сонымен қатар тапшылықты бағалау әдіснамасын тұрақты жетілдіруге жауап береді.

Шетелден еңбек ресурстарының келуін реттеу ұлттық еңбек нарығындағы сұранысты анықтаудан басталады. Дамыған елдерде шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті бағалаудың негізгі екі тәсілі бар, олар сауалнама арқылы және квота белгілеуге өтінім немесе нарықты еңбек сынағынан өткізу негізіндегі.

Сауалнама әдісін, мысалы, Италия қолданады. Аталған елде еңбек нарығындағы еңбек ресурстарының тапшылығы Excelsior ақпараттық жүйесі арқылы айқындалады.    

Көптеген қарастырылған елдерде: Германия, Испания, Канада, Ресей, Францияда өтінім әдісі қолданылады. Мысалы, Канадада ел экономикасында жұмыс күшіне қажеттілік елдің 22 ірі газетінде жарияланған жұмысқа қабылдау туралы хабарландырудың анықталатын саны бойынша индекс (Help-wanted Index) негізінде есептеледі.

Испанияда болса, шетелдік жұмыс күшіне сұранысты айқындаудың негізгі құралы «елдің жұмыспен қамту саласындағы жағдайы» және еңбек нарығының мұқтаждықтары туралы нақты көрініс беретін «Жұмыс күші тапшы кәсіптер каталогі» болып табылады.

Ұлыбританияда жұмыс күшіне сұранысты бағалау еңбек көші-қоны бойынша бар ақпаратты талдау негізінде жанама әдіспен жүзеге асырылады.

Көптеген елдерде еңбек күшінің келуін шектеу үшін білікті, сондай-ақ біліктілігі төмен жұмыс күшін тартуға да квота белгіленеді.

АҚШ заңнамасында АҚШ үшін тартылуы басымдылықққа ие шетелдіктердің мынадай санаттары анықталған: инвесторлар (Е2 санаты), сауда жұмыскерлері (Е1), корпоротивішілік ауысулар бойынша ауысқандар (L1) және мамандар (HIB). Айтарлықтай жетістіктері, ғылыми дәрежесі және т.б. бар жоғарыбілікті шетелдік мамандар үшін грин-картаны (ықтияр хат) күтудің ең аз мерзіміне бара-бар арнайы квоталар белгіленеді.

Жұмыс визалары ақылы (4,300). Жергілікті қор визаға төленетін алымның көлемімен (шетелдік жұмыскерлер 50% ең төменгі деңгейден өткен кезде алым әр қосымша жұмыскер үшін ұлғаяды) реттеледі.

Францияда санатына байланысты шетелдіктер (кәсіпкерлер, инвесторлар, студенттер және басқалар) үшін рұқсаттаманың 10 түрі беріледі. Рұқсаттар ақылы.ішкі еңбек нарығынан баламалы кандидаттарды алдын ала іздеу міндетті.

EUBlueCard ұстайтындарды тарту басмыдыққа ие (жоғарыбілікті қызметкерлер, жұмысшы эспатрианттар, корпоротивішілік ауысыулар бойынша ауысқандар (бұдан әрі - КІА), ерекше экономикалық табыс әкелген иммигранттар (инвесторлар), ғалымдар мен зерттеушілер).

Канадада шетелдік азаматтарды тарту мақсатқа сай болатын басым мамандықтар мен кәсіптердің тізімін айқындайтын Express Entry бағдарламасы бар. Шетелдіктер көп деңгейлі іріктеуден өтеді, оның барысында тілді білуінен бастап алған білім деңгейі мен дағдыларды меңгеру дәрежесіне дейін түрлі параметрлер есепке алынатын балдық жүйе бойынша олардың ел үшін тартымдылығы бағаланады. Канадаға Express Entry бағдарламасы бойынша келетін шетелдіктер тұрақты тұруға ыхтиярхат алады және нақты жұмыс берушінің алдын ала шақыртуы бойынша жұмысқа орналасады.

Сингапурде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдіктерді тарту тәжірибесі бар үміткерлерді іріктеу балдық жүйемен жүргізіледі. Шетелдіктің білім деңгейі, жұмысқа шақыртуының болуы,жалақысының әлеуетті деңгейі, сондай-ақ біліктілігінің және жұмыс тәжірибесінің деңгейі. Балдық жүйе бойынша конкурстан өткендерге 1-3 жылға жұмыстық рұқсат беріледі.

Білімдарлардың кету мәселесін зерттеу тұрғысынан білікті шетелдік жұмыс күші донор-елдері Оңтүстік Корея, Тайвань және Малайзияның сияқты тәжірибесі қызықты, онда білікті кадрлардың эмиграциясының алдын алу экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша стратегиялар қабылдауда.

Тайваньда және Кореяда тәжірибелі мамандар мен ғалымдарға шет елдердегі табыспен салыстыруға келетін жоғары жалақы, жұмыс істеу үшін ең жақсы жағдайлар, тұрғын үймен және балаларының білім алуына көмек көрсетуді ұсыну арқылы оларды іздеп табатын қызметке тарту құрылымдары белсенді жұмыс істейді.

Отанына оралуды жоспарламайтын мамандар мен оқытушылар үшін дәрістер курсын оқуға шақыру бағдарламалары жасалған. Қазіргі уақытта екі ел де жетекші мамандарының іс жүзінде оралуына қол жеткізу міндетімен шектеліп қана қоймай, өз диаспораларын трансұлттық желілерге жұмылдыруға тырысады.

Малайзияда Үкімет білім алуға стипендия бөлу, мүлікті алып өтуге салықтан босату және отбасы мүшелеріне тұрақты тұруға мәртебе беру жолымен талантты адамдарды тарту, дамыту және ұстап қалу мәселелері бойынша корпорациялармен жұмыс жасайды.

Жалпы, көші-қон процестерін реттеудің әлемдік тәжірибесін қорытындылай келе, екі көші-қон стратегиясын іске асыруға болатынын көреміз:

Олардың бірі уақытша көші-қонның (Германия, Парсы шығанағы елдері) стратегиясы қабылданатын мигранттардың ең аз қажетті шекті санымен шектелуін және тиісінше мерзімі біткен кезде елден кетуі тиіс еңбек келісім шарттарының бекітілуін білдіреді.

Бұл экономикалық тез тиімділік береді және қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру мен мигрантардың қоғамға ықпалдасуына  мемлекеттің айтарлықтай тікелей қаржылық шығынын талап етпейді.

Сонымен, Парсы шығанағы елдерінде уақытша мигранттарға қабылдайтын елдің азаматтығын алу тіпті мүмкін емес, сол себептен ешқандай бейімдеу бағдарламалары жоқ. Сонымен қоса, олар азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне кірмеген, әлбетте мигранттардың еңбек және гуманитарлы құқығы тұрақты түрде бұзылады.

Германиядағы миллиондаған шетел халқына нақты әлеуметтік міндеттемелер берілгенімен, олар белсенді қоғамдық өмірден алынып тасталған, себебі шетелдіктер тұрақты емес уақытша тұрғындар болып қарастырылған. Нәтижесінде пайда болған әлеуметтік жекелеген иммигрант қауымдары өте төмен өмір деңгейімен ерекшеленген, көлеңкелі экономикаға тартылған, еуропалық емес құндылықтары мен міндеттемелерін сақтаған.

Екіншісі, бұл ұзақ мерзімді көші-қонның стратегиясы (АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) қабылдайтын қоғамға тұрақты тұруға және бейімделуге ұзақ мерзімді жобаны іске асыруға көші-қонды тартуды көрсетеді.

Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша аталған Стратегияның артықшылығы олардың көптеген нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді:

  • Экономикалық – білікті шетел жұмыс күші мен инвесторларды тарту жолымен адами капиталды жинақтау есебінен;
  • Демографиялық жағдайдың жақсарады;
  • туыстардың бірігуі мен әр түрлі этномәдени позитивті әсері есебінен әлеуметтік тұрақтылықтың нығаяды;
  • сыртқы саяси имидж өседі – адамның қажеттілігін бастан кешірген және шетелдіктерге адал дамушы елдердің образын құрылады.

Иммиграциялық стратегияның кемшіліктеріне оның уақытша көші-қон бағдарламасымен салыстырғанда баяу болуы, экономиканың жұмыс күшіне қажеттілігіне өзгерісінің әсері, отбасы мигранттары мен босқындардың аса көп санынан экономикалық әсерінің төмендеуі және әлеуметтік қамтамасыз ету мен қоныс аударушылардың бейімделуіне үлкен шығындар жатады.

Еңбек көші-қонын ретету бойынша ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі Қазақстан үшін өзекті. Бірақ халықаралық тәжірибенің имплетациясы бүгінгі күннің ұлттық шынайлығының міндетті есебін қажет етеді.

Этникалық көші-қон саласында көшіп-қонушыларды қабылдауға арналған жылдық квота бекітілген Германияның репатриациялық саясат моделі қызығушылық танытады. Бұл ретте Германияға кіруге үміткер этникалық немістерге тілді білуіне және неміс мәдениеті мен дәстүріне тиесілілігінің дәлеліне жоғары талаптар қойылады. Этникалық көшіп қонушылар ГФР-ге келген кезде осы үшін арналған жеті қабылдау лагерьлерінің бірінде тіркеледі және белгілі бір жердің аумағында (әкімшілік бірлік) нақты бір қауымда тұруға жолдама алады. Репатриант мәртебесін алғаннан кейін көшіп-қонушылар автоматты түрде неміс азаматтығын алады. Әлеуметтік қолдауға келетін болсақ, неміс тілін оқыту курсы төленеді және зейнетақыны есептеу кезінде шыққан еліндегі еңбек өтілі есепке алынады.

Ресей Федерациясындағы этникалық көші-қон саясаты шетелде тұратын отандастардың ерікті түрде қоныс аударуына олар тіркелген соң және азаматтық алғанға дейін мектепке дейінгі тәрбиелеу, жалпы және кәсіптік білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту мемлекеттік және муниципалдық мекемелері қызметтерін  қамтитын өтемақы пакетін беру арқылы жәрдемдесуге бағытталған.

Израильде өзінің этникалық/діни топқа тиесілілігін дәлелдеген адамдарға (бастапқы орналасуға, күнделікті шығыстарға, пәтер жалдауға және ивритті үйренуге) қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл ретте көшіп келушілер шекарадан өтісімен азаматтық алады.

Ішкі көші-қон саласында.

Дамыған шетел мемлекеттері үшін халықтың кедейшілілігінің алдын алу және тұрақты жұмыспен қамтылуын құру ішкі көші-қонның тиімді тетігі болып табылады. Әдеттегідей, ішкі көші-қон ағыны экономикалық өсім нүктесіне ұмтылады, ал мемлекет өз тарапынан халықтың ең аз қамтылған топтарын қайта орналастыру мен одан әрі жұмыспен қамту мақсатында қоныс аударуға стимулдар жасайды.

Ішкі көші-қонды реттеу және халықты қоныстануға ынталандыру шеңберінде Қытай, АҚШ, Аустралия, Канада тәжірибесі қызығушылық тудырады.

Қытайда ішкі көші-қон Кедейлікпен күрестің 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы шеңберінде ынталандырылады. Аталған Бағдарлама шеңберінде жыл сайын 2 млн. адамды қайта даярлау, өндірісте жұмыс тәжірибесі бар 6 млн. адамды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ 2 мың адамды қолайсыз аудандардан қоныс аударту жүзеге асырылады. Бұл ретте, тұрғын үй мәселесі шешілуде: қоныс аударушылар үшін экономикалық қолжетімді пәтерлерді құру жүргізілуде, сондай-ақ қолжетімді баға бойынша  баспананы жалға алу мүмкіндігі беріледі.

АҚШ-та мемлекет ішіндегі көші-қон салықтық стимулдар арқылы көшетін жұмыскер үшін осындай жұмыскерді жалдайтын жұмыс беруші үшін ынталандырылады. Қоныс аударушымен байланысты негізгі шығындар бойынша салықты шегеріп қалу құқығы қызметкерге беріледі, ал қоныс аударушыларды жалдайтын жұмыс берушіге жұмысқа қабылданған қоныс аударушылар қатарынан әрбір қосымша адам үшін жылына 3,000$ дейін салық жеңілдіктері ұсынылады.

<
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір