• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:57:40
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Қазақстан Елбасының 2020 жылғы сайлауға қатысқанынан тек ұтады — Абаев

Сенат төрағасының пікіріне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауына түспейді деп есептейді. Бұл жайында Тоқаев өзінің сұхбатында айтты.

Сенат төрағасының пікіріне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, 2020 жылға дейін әлі біраз уақыт бар. Шешімді Мемлекет басшысының өзі қабылдайды. Біз бұған 2020 жылы сол кездегі жағдаймен  қарауымыз керек. Көп жыл Президент қызметін атқарған адам, сонымен қатар Елбасының саясат пен экономикадағы, халықаралық істердегі зор тәжірибесі мен халықаралық беделін ескере келе, Қазақстан Елбасының 2020 жылғы президент сайлауына қатысқанынан тек ұтады деп санаймын, - деді Дәурен Абаев.  

Айта кетейік,  Тоқаев Би-би-сидегі Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында Назарбаев 2020 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауына түспейді деп есептейтінін айтты. 

— Ашығын айтайын, мен президент Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Өйткені ол ақылды адам, өте парасатты. 2020 жылы бізде президент сайлауы Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын", — деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір