• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:56:20
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 Аймақтар

Қазақстан екіге бөліне ме?

Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын жалғап тұрған орын болған.

Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты егістікте ұзындығы 2 шақырымға таяу жыра пайда болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көктемгі тасқын Кіші Нарым ауылы мен қырдағы қыстаулардың арасын жалғап жатқан жолды жырып кеткен. Салдарынан ұзындығы екі шақырымға жететін жырық пайда болған. Бұл жолмен адам өте сирек қатынайтындықтан, адам өміріне қауіп төндіретін жағдай болмапты.

— Қар еріп, егіске жайылған қарғын су қара жолдың бойымен өзен болып аққан. Бірнеше күн бойы тоқтаусыз аққан су жолды үлкен жыраға айналдырып жіберген. Бұл оқиғаны алғаш естіген күні-ақ төтенше жағдай  мамандарына хабарлағанбыз. Адам өміріне қауіп төнетіндей ештеңе жоқ. Қазір егіс басында 2 бульдозер жүр. Жергілікті халық бұл маңды Қараөзек деп атайды. Жер Анатолий Матасов деген шаруаның иелігіне кіреді. Қожалық иесімен жиі хабарласып, жағдайын біліп отырмыз. Жыраның  пайда болуы егіс науқанына ешқандай кедергі болмайтынын айтып отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков.

Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.

Бұл оқиға интернет қолданушыларды әжептәуір алаңдатып тастады. Кейбірі аталмыш  жыраны Африка құрлығында  пайда болған алып жарықпен салыстырып жатыр. Алайда, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тыныбеков жыра қар суынан пайда болғанын тағы да нақтылады. Ал тау жынысының қозғалысы туралы айтудың өзі артық деген пікірде. Еске сала кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.

Айта кетейік, жақында Шығыс Африкада, Кенияның оңтүстік-батысында бірнеше шақырымға созылған үлкен жырық пайда болды. «Ол жер қыртысының екіге бөлініп жатқанын білдіреді», - дейді мамандар. 

Жер қыртысының жарылуы тектоникалық тақтайшалардың әлсіреуінен болуы мүмкін. Сарапшылар Африка континенті осылайша екіге бөлінеді деп болжап отыр.

жыра

Ғарыштан түсірілген жарылған жер бөліктері бір уақытта пайда болмаған. Эфиопияның солтүстігіндегі Афар ауданында 30 млн жыл бұрын бастау алып, жылына 2-2,5 см жылдамдықпен бөлініп, оңтүстікке қарай жылжып отырған. Жердің бұлайша бөлінуі қазір Зимбабве жеріне дейін жетті.

Ғалымдар ондаған миллион жыл өткен соң, осы жерде жаңа мұхит пайда болады дейді. Салдарынан Африка континенті кішірейіп, Үнді мұхитында жаңа үлкен арал пайда болады деп болжануда. Оған Эфиопия мен Сомалидің бір бөлігі және Африка мүйізі кіруі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір