• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:55:21
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Қазақстан билігі Еуродепутаттармен "тұтқындар" мәселесін талқылады

Қазақстан мәжілісінде парламент депутаттары мен Еуропарламент делегациясы кездесті

10 мамыр Қазақстан мәжілісінде парламент депутаттары мен Еуропарламент делегациясы кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Жиыннан соң баспасөз өкілдеріне шыққан Еуропарламент делегациясының жетекшісі, депутат Ивета Григуле Петерс Қазақстанда болған наразылық шаралары мен ондағы талаптар жайында естігенін, ол туралы Қазақстан билігінің өкілдерімен сөйлескенін айтты.

- Иә, бұл мәселе күн тәртібінде болды. Келерден бұрын электронды поштамызға тұтқындарға байланысты хаттар көптеп түсті. Қазақстанның бас прокуратурасынан Макс Боқаев, оның денсаулығы, Талғат Аян туралы жауап алып, 11 мамырда прокуратура өкілдерімен кездесетін болдық, - деді Ивета Григуле.

Сонымен бірге, Ивета Григуле Еуропарламент "Қазақстандағы саяси тұтқындарды босату талабына қалай септесе алатыны" жайлы да жауап берді.

- Осы сұрақты Мәжілісте көтердік. 11 мамырда тағы да прокуратурада көтереміз. Елшілігіміз осы сұраққа байланысты күнде жұмыс істейді. Мынаны істе деп ешкімді тығырыққа тірей алмаймыз. Өз тәжірибемізбен бөлісіп, дәлелдеуге тырысамыз. Ал үйретіп, мәжбүрлей алмаймыз, - деді Ивета Григуле.

10 мамырда Қазақстанның Астана мен Алматы бар бірнеше қаласында наразылық шаралары өткен. Жиылған жұрт саяси тұтқындарды босатуды, түрмедегі азаптауды тоқтатуды талап еткен. Полиция ондаған адамды ұстап әкеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір