• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:34:52
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Әлеумет

Қазақстан бойынша туу көрсеткіші жоғары қалалар анықталды

Былтыр қыздарға қарағанда ер балалар көбірек дүниеге келді.

Қазақстан бойынша туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1 000 тұрғынға шаққанда 29,74) байқалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Туу деңгейі бойынша екінші орында – Астана қаласы (28,23).  Көшбасшы үштікті ОҚО тәмамдайды (27,20).

Ал 2017 жылғы көрсеткіш бойынша, туудың ең төмен деңгейі – СҚО (13,17), ШҚО (15,98) және Павлодарда (15,91).

Былтыр қыздарға қарағанда ер балалар көбірек дүниеге келді. 2017 жылы 188 506 (48,3%) қыз дүние есігін ашса,  ер балалардың саны -  201 756 (51,7%) жетті.    

2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы - 28,5 жас.  

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,6 жас. Астана қаласында 29,4 жас.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір