• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:52:33
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

Қазақстан азаматтығын қабылдау мен одан шығу мәселесі талқыланды

Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

2017 жылғы 22 қарашада Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі этностардың 734 өкілі жаңа қазақстандықтарға айналады.

Мемхатшы тәуелсіздік алған сәттен бері 1 млн-нан астам адам еліміздің азаматтығын алғанына тоқталып өтті, бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен батыл өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекет ретіндегі Қазақстанның әлемдегі тартымдылығын айғақтайды.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қуана қарсы алатынымызды айтып, оларға бақытты өмір және енді өз Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Мемлекеттік хатшы жаңа отандастардың еліміздің лайықты азаматы бола отырып, егемен Қазақстанның бұдан әрі дамуы мен бақуаттылығына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің жекелеген бағыттарындағы қызметінің қорытындылары талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір