19Ақпан

Қазақша сөйлемейтін шенеуніктер қазақты қалай басқарады?

Қазақша сөйлемейтін шенеуніктер қазақты қалай басқарады?
Ⓒqamshy.kz

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да, қазақ тіліне мұрнын шүйіре қарайтындар бар. Әсіресе, коммунистік партияның шекпенінен шыққан шенеуніктер мен солардың ізіне ергендер мемлекеттік тілде сөйлеуді мүлде қажет етпейді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі сондай шенеуніктердің бір тобын назарларыңызға ұсынады.

Орысша сөйлегенде орыстардың өзін шаң қаптырып кететін кейбір шенеуніктер қазақшаға келгенде тегіс жерде сүрінеді. Сүрінеді дейміз-ау, омақаса жығылады.

Мысалы, 2016 жылдың мамыр айында Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мәжіліс депутаты Генадий Шиповскихтің қазақша сауалына орыс тілінде жауап беріп, біраз назарға іліккен болатын.
Мәжіліс депутатының «Соңғы сегіз жылдың көлемінде республика бойынша уақытша оқшаулау орталығы, бейімделу мекемелеріне 70 мыңнан астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Сізге сұрағым, осы көрсеткіштерді азайту үшін нақты қандай іс-шаралар қолданып жатырсыздар?», - деген сұрағына министр Қалмұханбет Қасымов былай деп жауап берген: «Сұраққа рахмет! Рұқсат болса, мен орысша жауап берейін. Я сказал, что нам надо заниматься. Какие школы нам надо решать. Всего у нас 8 учебных заведений и всего одна спецшкола для тех, кто совершил преступление».

Министр Қасымов «Тілдер туралы» заңда анық көрсетілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштеріне жауаптары және басқа құжаттар мемлекеттік тілде немесе өтініш етілген тілде қайтарылады», - деген талапты ұмытып кеткен бе, әлде қаперіне ілмей ме, ол жағы түсініксіз.

Қалмұханбет Қасымов

Қазақ тілін білмейтін қазақты көрсек оған еш мән бермейміз, бұл құбылысқа халықтың еті үйреніп кеткен. Ал біздің мемлекеттік тілімізді білетін өзге ұлттың азаматын көрсек, ауызымыз ашылып, қызықтап, таңырқап қалатынымыз рас. Оларды ерекше құрметке бөлеп, мәртебесін асқақтатып жіберуге дейін барамыз.

Мысалы, биыл қаңтар айында депутат Наринэ Микаелян «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын толықтай қазақ тілінде қорғап шығып, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің ерекше қолпаштауына ие болды. Ал ең сорақысы – дәл сол жиында бірқатар лауазымды тұлғалар өздерінің баяндамаларын орыс тілінде жасап, қойылған сұрақтарға да ресми тілде жауап қатты.

Қазақ тілін жалпыға бірдей міндеттеудің орнына, «Сұрақ қойылмаған тілде жауап бермегендер қызметтен қуылсын!» деген заңды мақұлдап қойғанымыз тағы бар.

Қазақ тілінде екі сөздің басын құрап айта алмайтын, өз ойларын ашық жеткізе алмайтын шенеуніктердің басым көпшілігі – қазақтар. Сонымен қатар елімізде бір емес бірнеше тілді қатар меңгерген азаматтар да жоқ емес. Қаны қазақ, жаны қазақ азаматтарымыз кез келген тілді оңай меңгеріп алатыны сөзсіз. Тек өзінің ана тілінен басқа...

Өзге тілдерді біліп, өз тіліне құрметін жоғалтқандардың қатарын Ерлан Ыдырысов толықтырады. Ағылшын тіліне судай, емін-еркін сайрап тұрған французшасы тағы бар, онымен қоймай Пәкістанның ресми тілі – урду тілін де сол елдің азаматтарындай жақсы біледі. Хинди тіліне де жетік полиглоттың қазақ тіліне үйренуге сауаты жетпей қалған тәрізді.

Ерлан Ыдырысов

Өз ана тілінде сөйлеуді қажат етпейтіндердің қатарында еліміздің мақтанышы, ғарышкер Талғат Мұсабаев та бар. Кез келген жиында, кез келген сұхбатында өзінің мәлімдемесін толыққанды орыс тілінде жасап жүрген ғарышкердің бұл қылығы бір емес, бірнеше рет сынға іліккен.

Талғат Мұсабаев

Билік басында қазақша майын тамызып сөйлейтіндерден гөрі қазақ тіліне қырын қарайтын шенеуніктердің қарасы көп. Бұл күні бүгін қылаң берген құбылыс емес. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері шешімін таппай келе жатқан мәселе.

Онымен қоймай, толыққанды қазақ тілінде баяндама жасаған аудан әкімін сынның астына алған Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев та халықтың ашу-ызасын тудырған болатын.

«Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать», - деп қай тілде сөйлегені белгісіз қала әкімі біраз сынға іліккен еді.

Нұрлан Сауранбаев

Осылардың ауызына қарап отырған өзге тілді қауым не ойлайды екен? «Қазақ тілі деген тұтықпа, кекеш, сақаулардың тілі ме?», - дейтін шығар.

Қайран қазақ тілі! Ақындардың ауызынан түйдек-түйдегімен ақтарылып, би-шешендердің көкірегінде дамылдаған ең бай, ең оралымды, ең көркем тіл бүгінде дүбәра шенеуніктерге қор болып жатыр.

«Тұрып жатқан елінің тілін қонақ, нақұрыс немесе өз тілінің үстемдігін орнатқан басқыншылар білмеуі мүмкін», - депті бір данышпан. Ал біздің шенеуніктер осы үшеуінің қайсысына жатады?

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Ар мен Ұяттарынан сәл жұқантақтары болса... бұлар сияқтылар түгелдей басқару салаларынан кеткендері жөн...

  • 1 апта бұрын

    Бұлар өздерін-өздері сыйламайтындар,..Осындайларға Ел басқартып,үміт артып отырған Өзіміз қандаймыз,әуелі осы төңірегінде ойланып көрейікші...

  • 1 апта бұрын

    Балдыр батпақ тілде- қойыртпақ тілде сөйлеген жалғыз əкімі осы дейсіздер -бұл ғана емес эшелондардың шенділердің бəрі осы.қазақ тілінде қойыртпақ балдыр-батпақский сөйлейтіндер кетуі керек.

1
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
18/02 22:27 0 57
2
Кастамону қаласында «Мағжан Жұмабаев жылы" салтанатты түрде  ашылды
18/02 22:24 0 74
3
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
18/02 18:48 0 384
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
18/02 18:45 0 189
Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
18/02 18:15 0 297

Таныстырылғандар

12 жастағы қыздың асқазанынан 3 келіге жуық шаш шықты
12 жастағы қыздың асқазанынан 3 келіге жуық шаш шықты
12 жастағы қыздың асқазанынан 3 келіге жуық шаш шықты
Неслихан шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырған.
08/02/2018 12:56 0 710
Ақтөбеде ата-аналар орамалды қыздарын Ресейде оқытпақшы
Ақтөбеде ата-аналар орамалды қыздарын Ресейде оқытпақшы
Ақтөбеде ата-аналар орамалды қыздарын Ресейде оқытпақшы
Білім ордасы мен ата-аналар орамал дауында ортақ шешімге келе алмай жатыр
10/02/2018 13:54 2 383
Желіде Мәскеу маңына құлаған Ан-148 туралы алғашқы фото және видео шықты
Желіде Мәскеу маңына құлаған Ан-148 туралы алғашқы фото және видео шықты
Желіде Мәскеу маңына құлаған Ан-148 туралы алғашқы фото және видео шықты
Ан-148 құлаған орыннан жасалған алғашқы бейнежазба пайда болды.
12/02/2018 09:25 0 530
Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді
Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді
Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді
Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі жайында сұрақтарға жауап ала алады
12/02/2018 10:53 0 483
Мұратхан Тоқмәди Тараз сотына жеткізілді
Мұратхан Тоқмәди Тараз сотына жеткізілді
Мұратхан Тоқмәди Тараз сотына жеткізілді
Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын
12/02/2018 17:11 72 443
Қазақстан Президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді
Қазақстан Президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді
Қазақстан Президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді
Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті
12/02/2018 17:50 55 699
13 ақпанға арналған ауа райы болжамы
13 ақпанға арналған ауа райы болжамы
13 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қызылорда, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
13/02/2018 09:28 0 172
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы-Қапшағай күре жолында  болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты.
14/02/2018 15:31 1 761
Пхенчандағы дауылдың салдарынан Олимпиада тоқтатылды (фото, видео)
Пхенчандағы дауылдың салдарынан Олимпиада тоқтатылды (фото, видео)
Пхенчандағы дауылдың салдарынан Олимпиада тоқтатылды (фото, видео)
Чемпионат.com-ның хабарлауынша, көрерменді эвакуациялағанда Каннынде бір адам жарақаттанған
14/02/2018 18:01 0 399
АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды
АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды
АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды
Ауыл шаруашылығы министрлігі келешекке кемел жоспар құрды
14/02/2018 21:09 112 483
Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін мойындады
Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін мойындады
Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін мойындады
Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын
16/02/2018 13:23 34 206
«Жастарды қолшоқпар қылуды тоқтатайық»
«Жастарды қолшоқпар қылуды тоқтатайық»
«Жастарды қолшоқпар қылуды тоқтатайық»
Астанада жер туралы заң жобасына қатысты қоғамдық талқылау болды.
16/02/2018 15:08 28 2012
Жер туралы қоғамдық талқылау белсенділердің наразылығымен аяқталды
Жер туралы қоғамдық талқылау белсенділердің наразылығымен аяқталды
Жер туралы қоғамдық талқылау белсенділердің наразылығымен аяқталды
«Әлемде бір де бір тәуелсіз мемлекет әскери полигондарын өзге мемлекетке жалға беріп, ол жерге сынақ жүргіздіріп қоймайды. Бұл – сұмдық жағдай»
16/02/2018 18:18 32 2348
Германия алдағы онжылдықта әлемдік тұрақтылыққа төнетін қауіпті атады
Германия алдағы онжылдықта әлемдік тұрақтылыққа төнетін қауіпті атады
Германия алдағы онжылдықта әлемдік тұрақтылыққа төнетін қауіпті атады
Министрдің айтуынша, қарсыласы кім екеніне қарамастан кибершабуылдың әсері күшті болады. Оның ішінде Ислам мемлекеті де бар
18/02/2018 13:31 0 233
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
Ер адам тұтқындалды және Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде
18/02/2018 18:45 0 189