• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:18:19
+35°

13 Маусым, 2018 NEWS

Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды

Кеше белгілі пианист Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылған.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жүдебаев Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясының ректоры болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Кеше белгілі пианист Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылған.

Айта кетейік, бұған дейін "Қамшы" порталында "Консерваториядағы "концерт": 200 млн теңгені ұрлаған кім?" деген мақала жарияланып, оқу орнында қыруар ақшаның қолды болғаны жазылған. Жәния Әубәкірованың орнынан алынуы осы оқиғаға қатысты болуы мүмкін.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір