• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:59:41
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018

Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр? (фото, видео)

Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқу құралында МС Сайлаубектің өмірбаяны туралы деректер бар.

Киікбай Жақыпұлы есімді Facebook қолданушысы Назарбаев мектебіне түсу үшін тапсыратын сынақ кітапшасында МС Сайлаубек туралы сұрақ жүргеніне наразылық білдірді. Ол танымал рэпердің есімі енгізілген кітапшаны видеоға түсіріп, «Айтарым жоқ... не болып кетті!», – деп жазды. Бұл жарияланымды жүздеген адам бөлісіп, қызу талқыға салды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сайлаубектің есімі тест кітапшасына не мақсатпен енгізілгені белгісіз. Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқу құралында МС Сайлаубектің «Айтуға оңай», «Пусть говорят» телебағдарламалары арқылы танылғаны айтылады. Бұған қоса, оның жасы, қай жердің тумасы екені егжей-тегжейлі жазылыпты.

қазақ тілі

Ал соңында «МС Сайлаубекті жұлдыз болуына не әсер етті?» деген сұрақ қойылады.

кітап

Мұны көрген көпшілік сурет фотошоп деп сенімсіздік танытса, бірқатары кітапқа енген осындай мысалдардан соң елдің болашағына күмән келтірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір