• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:00:38
Алматы
+35°

Бүгін Қазақ телевизиясына 60 жыл толып отыр. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті достар! Бүгін Қазақ телевизиясы үшін айтулы күн! Осыдан 60 жыл бұрын қазақ теледидарының негізі қаланып, алғашқы отандық хабарлар эфирге шыға бастады. 1958 жылы 8 наурызда алғашқы рет эфир тестілі түрде таратылды, ал 16 наурызда эфир тұрақты түрде таратыла бастады. Қазақ телевизиясы 60 жылдық даму тариxында халқымыздың рухани, мәдени, қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана сезімнің қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз, маңызы ерекше. Әр қазақтың төрінен орын алған көгілдір экраннан сан түрлі құнды дүниелер жарық көріп, қалың көрерменге жол тартты. 

Қазақ телевизиясы – қазақ зиялы қауымының рухани, мәдени ошағы болды. Осы қара шаңырақта әр жылдары еңбек еткен зиялы қауым көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, болашаққа бағыт берді, жол сілтеді, отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысты. Ұлттық арна әр кезеңде заман ағымына сай өзгеріп, болашаққа қанат қағып келеді. 

Біз әдеттегідей, «Алтын қорда» сақталған телебағдарламалар мен телевизия ардагерлері жайлы бағдарламаларды көрсетуді жалғастырамыз.

Атап айтсақ: 7 наурызда, 17:35-те Белгілі күйші және термеші, қазақ теледидарының режиссері Мұрат Кәримуллин жайлы «Жарқын бейне», 8 наурызда, 17:05-те қазақтың алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова жайлы «Келбет», 10 наурызда, 08:20-да және 11 наурыз, 11:25-те қазақ телевизиясының ардагерлері қатысқан «Дара жол», 10 наурыз, 16:35-те қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған арнайы хабар, ал 11 наурызда, 17:25-те белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің «Өмір-өзен» бағдарламаларын тамашалай аласыздар! 

Кешегі күн - бүгінгі тарих демекші, кезінде ел мүддесі үшін атсалысқан ардагерлерімізді ұмытпау – біздің парызымыз!

Ал, 16 наурызда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай, телевизия ардагерлеріне арнап салтанатты жиын өткізеді. 

Алдағы уақытта Ұлттық арнаны бұдан да биік асулар күтіп тұр. «Qazaqstan» ұжымы талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз! Баршаңызды Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз!" - деп жазады Ерлан Қарин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір