20Ақпан

Қазақ сипаты

Қазақ сипаты
Ⓒult.kz

Қазақта сауап деген риясыз көңілмен қайыр қылу, мүрал мен өнерге бар ықылaспен құлшына адамдығын әйгілеу; қанағат деген өмір мен табиғатты әділдікпен мойындау, қырсық сезімді дәйім құрбан етуге хош болу, баяшат тұрмысты асырайтын бірлік жүйеге тоқтау, бойындағы қабілетімен бұйырған несібеге шүкірлік ету. Қазақ сондықтан да ақтірлік қоғамын қалыптастыра алған. Жаны сауаппен ажарланған, өмірі қанағатпен құнды болған, жетпіс өнер жігітіне аздық қылған ұлы ұлт. Ұлылығынан әлемді тәнті, Алланы разы еткен.

Қазақ елінде соғыс апаты ұзаққа тұрса да, тажал оғы бәріне түгел тисе де, әйтеуір, ұлылығынан біреуі аман қалған. Кейінірек сол аман біреуі айырылған жерінің ырысты аумақтарын он жауынан қайта тартып алған. Қалған жерін Алла (бейбітшілік) үшін қузамай ақіреттікке қалдырған. Тіпті, ақтірлік мүддесін ойлап, жатқа тегін салық төлеуге пейіл білдірген. Өзін өзгеге күзеттіріп, жалғасты сауап, қанағат, ортақ дастархан дәстүрімен жасай берген. Өз ішінен әуелгідей жетім, жесір және қайыршы шығармай баяғы шадыман өмірін жалғап кеткен.

Ұлы қазақ ақтірлігін ұрандаушы Мұхаммедке ыризалық білдіріп, намаз тәртібін ерікті қабылдаған. Ленин арманы одан да жақын еді, қызығы, мүдде тірлік қоғамы халқын обал-кісіліктен жұрдай еткендігі себепті менсінбеген, аттан түспей қабылдаудан бас тартқан.

Иә, сол тұста ақ-сарылар жан-тәнін құрсағына айырбастайтын, қайыр тілеу мен сауда алдауды мақтан көретін, жер бүлдіру мен аспан былғауды өнер қылатын, әлсіздердің тер-қанымен әкімият бағатын, езу мен езілуді борыш санайтын имансыз халық болған. Бірақ құралы, әсіресе, үгіті камал Ленин әкімияты бәрібір қазақты қаратып алды. Таразылы тайқазаннан тамақтандырды. Ал бұл ортақ тірлік қоғамы қазақ қоғамының әлемге өркениеттенгенін бірден байқатты да, әпсәтте қарсы алуға ие болды. Мәңгі жасасын! - деп тұрып қуанды қазақ. Алайда тіл-салты бөлек, діні қарсы сырлы бөтендер тізгін ұстап, қазақтың берекесін бірте-бірте қашырып қойды. Алдымен бейтаныс әрі азап іс-әрекетке ұйымдастыру арқылы титықтатты. Онан наданға ми, кедейге жан болғанды ақымақ қылды. Кейін ұлттық руханиятты суғармай қуратты... Барлық дүниені тарылтатын күш-әккілік. Ырысты жері кең, тірлігі жайлы қазаққа оқудың, ақырзаман тілеудің қажеті болмаған. Әншейін көзі дәу көкірексіздерге жауын қорқытып, қатыржан сайрандап өткен. Табиғатпен етене болып, нәрлі-адал көкқамырмен шалқып кеткен. Шуағы мол күнгей іспетті өмірі, шуағы аз теріскей іспетті Еуропа өміріне қарама-қарсы жасаған. Енді сасық қуып, әке-шешесін де керек қылмайтындарға обиып көрінді. Өйткені, әлемдік өркениет байлықты суалтатын, халықты қинайтын темірді қажет етті. Қоғам дін және ұлт бағдарын бұзатын түзіліс жасауға мәжбүр болды. Сонымен, оқуды құдай тұтқандар жарық, сауап қанағатшылдар шарық танылды. Ашық айтсақ, ұқық беделден балаша қағылған қазақ, өз туған жерінде өзге әкімият үшін өгей еңбеккүш жасалды.

Сондада қазақ рухын 70 жыл мұқалта алмады. Қайта, жаншимын деп нықтап қойды. Неше мың жыл ар-намыспен жігерін, мұрал-әділдікпен бірлігін, өнер біліммен тірлігін шыңдап тастағаннан болар, қазаққа Алла жар болды да, 70 жылға өз әккілігінен өлім тиді. Ал бүгінгі қазақ – сауап қанағатын замандаған, кұрсынып жүрген қанын амандаған, жүзнеше тайжұртқа өкіл аға-пана болған дүниедегі ең ажарлы ұлт болды. Ақтірлік рухы – көк туы көкте желбіреп, әлемдік гүлстан мемлекет болуға бар иманмен ниеттенді!

Әділ Санатбек

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
Бұрынғы қазақ көк көзді, сары шашты болған ба?
20/02 09:37 0 53
2
20 ақпанда Қазақстанда қар жауып, бұрқасын соғады
20/02 09:18 0 68
3
Президент латын графикасына көшу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
20/02 09:05 5 288
Елбасы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті
20/02 08:59 0 74
Алматыда қырғыз депутаты екі айға қамалды
20/02 08:38 0 74

Таныстырылғандар

Мен  нағыз азапты армандаймын...
Мен нағыз азапты армандаймын...
Мен нағыз азапты армандаймын...
Біреулер мұндай адамдарға қызыға қарайды.
08/02/2018 18:41 0 1219
Ақмолада пакетте шіріген сәбидің денесі табылды (видео)
Ақмолада пакетте шіріген сәбидің денесі табылды (видео)
Ақмолада пакетте шіріген сәбидің денесі табылды (видео)
Атбасар қаласында құдықтан сәбидің өлі денесі табылды
09/02/2018 12:15 6 6084
Сара Назарбаеваның туған күнінде мектептерде «Өзін-өзі тану» оқытылады
Сара Назарбаеваның туған күнінде мектептерде «Өзін-өзі тану» оқытылады
Сара Назарбаеваның туған күнінде мектептерде «Өзін-өзі тану» оқытылады
Қазіргі уақыттың талабына негізделген жоғары адамгершілік пен адамшылыққа тәрбиелеу алдыңғы орынға қойылуы қажет
09/02/2018 14:20 0 948
Пхёнчханда норовирусын жұқтырғандар саны артты
Пхёнчханда норовирусын жұқтырғандар саны артты
Пхёнчханда норовирусын жұқтырғандар саны артты
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында Олимпиада ойындарында норовирус жұқтырғандар саны 139-ға жетті
10/02/2018 12:54 0 336
Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
Дастан Оразбеков журналист Зарина Мүсілімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында Айқынның ел білмейтін құпиясын ашып қойды
12/02/2018 12:13 0 2080
Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
Көптеген қазақстандық бүгін елге қайтып ұшып кеткен
12/02/2018 15:24 0 806
Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген ер адам сотталды
Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген ер адам сотталды
Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген ер адам сотталды
Мұнайлы аудандық сотында вокзал маңындағы дәмхана сатушысының үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім шықты.
12/02/2018 16:36 0 1017
ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
Биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарды
13/02/2018 19:41 0 675
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады
14/02/2018 17:59 0 364
Химия ғылымының заңын жазған ғалым қазақ топырағынан шыққанын білеміз бе?
Химия ғылымының заңын жазған ғалым қазақ топырағынан шыққанын білеміз бе?
Химия ғылымының заңын жазған ғалым қазақ топырағынан шыққанын білеміз бе?
Әл-Фарабидің осы еңбегін мектеп оқулықтарында, сонымен қатар ЖОО арналған химия кітаптарының алғашқы беттеріне жарияласа артықтық етпес еді.
15/02/2018 08:53 0 491
НАСА Күн жүйесінен тыс 100 жаңа ғаламшар ашты
НАСА Күн жүйесінен тыс 100 жаңа ғаламшар ашты
НАСА Күн жүйесінен тыс 100 жаңа ғаламшар ашты
Және олардың арасында Жер ғаламшарын алмастыра алатындар да бар
16/02/2018 08:48 0 351
Қырғыздар қытайларды елден қуып жатыр (видео)
Қырғыздар қытайларды елден қуып жатыр (видео)
Қырғыздар қытайларды елден қуып жатыр (видео)
Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданының тұрғындары қытайларды елдеріне қайтаруды талап етіп, наразылық акциясына шықты
16/02/2018 22:48 19 4259
Алматының әскери қызметшілері ұйымдардың басшыларына әскери есеп жүргізуде
Алматының әскери қызметшілері ұйымдардың басшыларына әскери есеп жүргізуде
Алматының әскери қызметшілері ұйымдардың басшыларына әскери есеп жүргізуде
Алдағы уақытта да осындай семинарлар өткізілмек
19/02/2018 13:21 0 71
Зарина Диас украиналық  Лесе Цуренкодан жеңіліп қалды
Зарина Диас украиналық Лесе Цуренкодан жеңіліп қалды
Зарина Диас украиналық Лесе Цуренкодан жеңіліп қалды
Қазақстандық тенисші Зарина Диас Дубайда өтіп жатқан Premier санатындағы іріктеу турнирінің финалында Лесе Цуренкоға екі сетте де есе жіберіп алды.
19/02/2018 16:53 0 149
Алакөлдің су құрамында радон бары ғылыми түрде дәлелденді
Алакөлдің су құрамында радон бары ғылыми түрде дәлелденді
Алакөлдің су құрамында радон бары ғылыми түрде дәлелденді
Қазақстанда тұңғыш рет көлдер мен қайнарларға бальнеологиялық зерттеу жүргізілді
19/02/2018 17:18 1 191