• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:37:52
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2018 Саясат

Қазақ саясаткері Қырғызстан түрмесінің сұмдығын айтып берді

Саясаткер Қырғызстандағы ең қатал түрмеде (халықтың айтуынша) қандай жағдайды басынан өткергенін айтып берді

Еркін Бөлекбаев 2009 жылы 27 сәуірден 2010 жылдың 8-сәуіріне дейін саяси тұтқын болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап. Ол Бішкектегі  мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отырды. Еркін Бөлекбаевты Құрманбек Бәкиевтің режиміне қарсы адамдар түрмеден шығарып алды.

Еркін Бөлекбаев

Саясаткер Қырғызстандағы ең қатал түрмеде (халықтың айтуынша) қандай жағдайды басынан өткергенін айтып берді.

– Мен 106 күн бір адамға арналған 2,5 метр камерада отырдым. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, жалғыз адам тыныштықта күні-түні отырады. Арасында көрші камерадан есінен адаса бастаған жазасын өтеушінің айқайлаған даусы шығады...Қайта тыныштық. Кітап, газет оқуға тыйым салынған. Күніне үш уақыт тамақ береді. Мен 27 номерлі карцерде отырдым. Бұлшық етім семіп кетпеуі үшін камераны айнала жүретінмін. Таң ертең, түсте және кешке 500 қадам. Жүйкең тозған. Басыңа түрлі ойлар келеді, - дейді Еркін Бөлекбаев

- Түнде ұзын дәлізден жазасын өтеушілердің зарлы, жылаған дауысы естіліп жатады. Кейде көрші камераларға түрме қызметкерлері бетперде киіп, жазасын өтеушілерді ұрып кететін. Бостандықта жүргенде ол адамды танымас үшін бетперде киетін шығар. Ер адамдар шыдатпас аурудан шыңғырып жылайтын. Мұндай дауыстарға шыдау мүмкін емес. Басқа камерадағылар қарсылық ретінде есікті ұрады, олар да айқайлап, шыңғырады. Бұған тек жүйкесі мықты адамдар ғана шыдай алады.  

Камерада жарықты ешқашан жақпайды. Үнемі түнекте отырасың. Түрлі елестерді көресің. Одан кейін дауыстар ести бастайсың. Мен отырған түрменің акустикасы сұмдық. Есіктің ашылып, жабылған даусы қатты естілетін. Оған адамдардың шыңғырған даусын қосыңыз.  

Одан кейін Бішкектегі №1 тергеу изоляторына жіберді. Онда бірнеше мәрте қылмыс жасағандар отырады. Олар мені талай мәрте арматурамен ұрған. «Еркін-байке, кешіріңіз. Біз сізді сыйлаймыз, бірақ бізді ұруға мәжбүрлеп отыр» дейтін.

Мұндай түрмелерде қиындық көрген сайын беделің өсе береді. Бастапқы кезде сені тексеріп көреді. Егер барлық сынақтан сүрінбей өтсең, сыйлайды. Мен қиындықты жеңе алдым. Алайда сол күндерді есіме алсам сүйегім сырқырайды. Бірақ адам барлығына бойы үйреніп кетеді екен.

Түрмеде адамдар бірнеше санатқа бөлінетін. Олардың бірі қорлық пен соққыға төтеп бергендер. Мен солардың арасында болдым.

Жазасын өтеушілердің арасында «пасықтары» да болды. Оларды өлтіріп кетпеуі үшін өзгелерден оқшау ұстайтын. «Пасықтар» деп бұрынғы құқыққорғау органдарының қызметкерлерін, экс-шенеуніктерді және прокурорларды атайды. Олар түрме қоғамынан алыстатылғандар.

- Революция кезінде Құрманбек Бәкиев биліктен кетті. Сіз ол уақытта түрмеде болдыңыз ба?

Иә. Революция 2010 жылы 7, 8 сәуірде болды. Елде революция болғанын камераластарымнан білдім. Мен отырған түрмеде радио тыңдауға, теледидар көруге, ұялы телефон пайдалануға болатын.

Кешке 2010 жылдың 7-сәуірінде  менің жақтастарым түрме маңында көтерісліске шығып, мені түрмеден шығаруды талап етті. Тергеу изоляторының басшысы мені босатып, адамдарға түрмені қиратпауын сұрауды өтінді.

- Түрмеден кейін сіз бірден Қырғыстаннның қаржы полиция төрағасы қызметіне тағайындалдыңыз ба?

Мен ешкімнен өшімді алмадым. Әділ болуға тырыстым. Сондықтан Қырғызстанда күзетсіз жүре аламын.

– Сіз қаржы полициясына төраға ретінде келгенде бірден 2 миллион доллардың табылғаны рас па? Ол ақша кімге тиесілі?

Бұл ақшаны біз революциядан кейін таптық. Барлығын мемлекет қазынасына жібердік. Мен келгенге дейін қаржы полициясының экономикалық және жемқорлық қылымысын әшкерелеу көрсеткіші төмен болған. Маған дейін 245 миллион сом мемлекет қазынасына қайтарылса, мен төраға болғанда 1 миллиард 300 миллион сом қайтарылды.

2010 жылдың мамырында қаржы полициясының жұмысын тоқтату туралы сыбыс шыға бастады. Отынбаева уақытша үкіметке қол қойды.   «357 адам ІІМ-ге,  240 – салық инспекциясына кетеді» дегенде, «Бұл тапсырманы орындамаймын, сізге де рұқсат бермеймін. Барлық шешімді жаңа парламент қабылдайды» дедім.

Мен қызметімнен кеткеннен кейін, қаржы полициясы өз жұмысын тоқтатты. Мен саяси жұмысқа араласа бастадым. Жасылдардың партиясын одан кейін қазақтар Ассоциациясын басқардым.

– Осы жағдайлардан кейін неліктен Қазақстанға оралмадыңыз?

Қырғызстан – менің отаным. Мен осы елдің азаматымын. Менің Қырғызстанға демократия, адам құқығын сақтау бойынша көп еңбегім сіңді. Мені бірнеше мәрте қазақтар Ассоциациясына төраға етіп сайлады. Мен түрмеде отырғанда қырғыздардың көбі мені босатуды талап етіп аштық жариялап, қарсылық акциясын өткізді. Туып, өскен жерімді, халқымды қалай тастап кетемін?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір