• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 09:05:19
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Қазақ қызы: Шетелден Отанға қайтқым келмейді, ұяламын...

Сіздер Үндістандағы жергілікті тұрғындарды аяйсыздар, ал мен біздің қазақстандықтарды аяймын.

Үндістанның Джайпур елді-мекенінде жүрген қазақ қызы өзінің истаграм парақшасына Қазақстанға қайтқысы келмейтінін, ұялатынын айтты, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

«Сіздер Үндістандағы жергілікті тұрғындарды аяйсыздар, ал мен біздің қазақстандықтарды аяймын.
Үндістандағы жергілікті адамдардан мейірімді xалықты көрмедім. Батыстың адамдары да дәл осындай деңгейде мейірімді емес. Осындай кедейлікте тұрып қайдан, қалайша соншалықты жарқын, ашық, мейірімді болуға болады?
Біз сари киіп шыққан күндері еркектер былай тұрсын, әрбір әйел, оқушы, қарт адамдар комплимент жаудырды. Бұл жерде ешкім ешкіммен ұрсыспайды, қабақ шытпайды. Шыдамды! Кезекте тұрғанда шынтақтасып, ала көзбен қарау деген мүлдем жоқ. Дәретxанаға кірсең отыратын жеріңе дейін сүртіп береді. Базарға келсең алдыңа тауарды төгіп тастайды. Қорабын ашып, пакеттерінен шығарып, 6 метрлік сарилерді жайып қояды. «Тек бағасын айта салыңыз», — десең де,міндетті түрде ашып көрсетеді. Түк алмай кетсең жылы жүзбен шығарып салады. Ешқандай «руками не трогать», — деп ұрсысуға дайын тұрмайды. «Қазақша сөйлемедің», — деп жеп қоймайды. Біздің адамдар ғой өмір бойы тырнақ астынан кір іздейді де отырады. Тек қазақтар ғана емес, жалпы ТМД мемлекеттерінің тұрғындары сондаймыз ашушаң, көре алмаушылық, іш тарлық, сын... Ашынған xалықтар. Бай тұрсақ та қанағаттанбаймыз, кедей тұрсақ қанағатанбаймыз. Тіпті шетелден Отанға қайтқың келмейді. Ұяласың.

Көшедегі сиыр, ит, маймылдармен көршілес өмір сүретін, кедейлікті күлімсіреп көтере білетін, өте төмен деңгейдегі үндістандықтардан үйренеріміз көп», — деп сөзін аяқтады Айна Досмахамбетқызы.

 

Сіздер жергілікті тұрғындарды аяйсыздар, ал мен біздің қазақстандықтарды аяймын ? . Жергілікті адамдардан мейірімді xалықты көрмедім. Батыстың адамдары да дәл осындай деңгейде мейірімді емес ??‍♀️ Бұндай кеделікте тұрып қайдан, қалайша соншалықты жарқын, ашық, мейірімді болуға болады? . Біз сари киіп шыққан күндері еркектер былай тұрсыр, әрбір әйел, оқушы, қарт адамдар комплимент жаудырды. Бұл жерде ешкім ешкіммен ұрсыспайды, қабақ шытпайды. Шыдамды! Кезекте тұрғанда шынтақтасып, ала көзбен қарау деген мүлдем жоқ. Дәретxанаға кірсең отыратын жеріңе дейін сүртіп береді. Базарға келсең алдыңа тауарды төгіп тастайды. Қорабын ашып, пакеттерінен шығарып, 6 метрлік сарилерді жайып қояды. "Тек бағасын айта салыңыз" десең де,міндетті түрде ашып көрсетеді. Түк алмай кетсең жылы жүзбен шығарып салады. Ешқандай "руками не трогать" деп ұрсысуға дайын тұрмайды. "Қазақша сөйлемедің" деп жеп қоймайды. Біздің адамдар ғой өмір бойы тырнақ астынан кіо іздейді де отырады ? тек қазақтар ғана емес, жалпы ТМД мемлекеттерінің тұрғындары сондаймыз ?ашушаң, көре алмаушылық, іш тарлық, критика...Ашынған xалықтар. Бай тұрсақ та қанағат емеспіз, кедей тұрсақ та қанағат емеспіз. Тіпті шетелден Отанға қайтқың келмейді. Ұяласың. . Көшедегі сиыр, ит, маймылдармен көршілес өмір сүретін, кедейлікті күлімсіреп көтере білетін, өте төмен деңгейдегі үндістандықтардан үйренеріміз көп ☝? Photo credit @tagaev #airastanaindia #airastana #ainainindia

Публикация от Aina Dosmakhambetkyzy (@aina_doskyzy)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір