• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:59:18
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2017 Ұлы көш

Қазақ көшінің 65 жылдығына орай Түркияда қазақ музейі мен саябағы салынуда

Музейде әсіресе Түркия қазақтарының көш тарихы мен мәдениетіне қатысты бұйымдарға орын берілмек

Түркияның Ақсарай қаласына қарасты Сұлтанханы ауданында қазақ тарихы мен мәдениетін халыққа таныстыру үшін киіз үй пішіндегі қазақ музейі мен саябақ салынады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

3500 шаршы метрлік саябақ пен музейдің ірге тасы 2017 жылы 15 қыркүйек күні қаланды. Ірге тасын қалау рәсіміне қазақ білім және зерттеу қоғамының төрағасы Серқан Дініштүрік, Сұлтанханы аудан әкімдерінің орынбасарлары Хасан Темел мен Фатих Ағыр да қатысты.  

Қоғам төрағасы Серқан Дініштүріктің айтуынша, қазақ саябағы мен музейінің құрылысы бір ай ішінде бітіп, Түркия Республикасының 94 жылдығы мерекеленетін 29 қазан күні тұсаукесері жасалмақ. Тарихи Жібек жолы бойындағы Ақсарай қаласында 1299 жылы Селчұқ мемлекеті кезінде салынған атақты Сұлтан Хан керуенсарайына 250 м. жердегі саябаққа шетелдік туристердің көптеп келуі күтілуде.

Музейде әсіресе Түркия қазақтарының көш тарихы мен мәдениетіне қатысты бұйымдарға орын берілмек.1952 жылы Пәкістаннан Түркияға қоныс аударған қазақтардан 60 отбасы Ақсарай Сұлтанханына қоныстанған. Күн көрудің қамымен қазақтар кейін Ыстамбұлға және Франция астанасы Парижге көшіп кетуге мәжбүр болған. Алайда Сұлтанханында қазақтардың 1968 жылы салған “Түркістандықтар Мешіті” 1974 жылы күрделі жөндеуден өтті. 

Саябақ пен музейдің бүкіл шығындарын Түркия мен Франциядағы қазақтар көтерді. 29 қазанда өтетін тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысады деп күтілуде. Осындй игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысымды білдіремін.

Әбдіуақап Қара
Тарих ғылымының докторы

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір