• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:07:39
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

«Қазақ елі» туындысының жалғасы Түлкібаста түсірілуде

"Қазақфильм" киностудиясының шығармашылық тобы «Қазақ елі» туындысының «Алтын тақ» деп аталатын ІІ-маусымын Оңтүстікте түсіруді жоспарлаған болатын

"Қазақфильм" киностудиясының шығармашылық тобы «Қазақ елі» туындысының «Алтын тақ» деп аталатын ІІ-маусымын Оңтүстікте түсіруді жоспарлаған болатын. Осыған байланысты өңірге арнайы сапармен келіп, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа фильмді тарихи орындарда түсіруге байланысты қолдау көрсету жайын сөз етті. Нәтижесінде бүгінде түсірілім жұмыстары Түлкібас ауданында басталды.

Айта кетерлігі, фильмнің бұл маусымы 10 сериядан тұрады. Түлкібас ауданы, Иірсу ауылы маңындағы Тақиятөбе жерінде өтіп жатқан түсірілімге 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Сценарий авторлары: Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов. Туындының бас режиссері Рүстем Әбдірашев Оңтүстік өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи рөлі фильм үшін маңызды екендігін жеткізді.

«Қазақ елі» туындысының ІІ-маусымының алғашқы 5 сериясы Алматы облысының Талғар ауданында басталды. Кейінгі бөлімдері осы Оңтүстік өңірінде түсіріліп жатыр. Мұнда Керей мен Жәнібектің және Әбілқайыр әскерлерінің шайқасы, Қазтуғанның көші, Қасым ханның аманаттан оралуы сынды эпизодтары таспалануда. Алдағы уақытта Түркістан қаласында Жәнібектің хан тағына отыруы сынды көріністерді түсіретін боламыз. Осы түсірілім жұмыстарына атсалысқан облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлына алғыс білдіреміз», - деді Р. Әбдірашев.

«Қазақ елі» фильмінің Оңтүстіктегі түсірілім жұмыстары маусым айына дейін жалғасады. Тарихты таныстырып, текті танытатын тарихи туынды ағымдағы жылдың желтоқсан айында көпшілік назарына ұсынылатын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір