• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:59:23
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды

Мәскеуде халықаралық конкурстардың лауреаты Қуат Бағысбектің жеке концерті өтті.

Мәскеуде халықаралық конкурстардың лауреаты Қуат Бағысбектің жеке концерті өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РФ-дағы Қазақстан елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық тенор Федор Шаляпин атындағы музейде өнер көрсетті. Әнші әлемдік опера жауһарлары - Чайковский, Пуччини, Верди операларынан ария шырқап, қазақ халық әндерін Мәскеу аспанында әуелетті. Сонымен бірге Балнұр Қыдырбек, Владимир Стригоцкий-Пак пен Хабибулла Сетеков сынды қазақстандық композиторлардың шығармаларын да өнерсүйер қауымға тарту етті.  «Концертте Чайковскийдің, Верди, Пуччинидің және де көптеген еуропалық, шетелдік композиторлардың туындыларын, халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармаларын орындаймын», - деді әнші Қуат Бағысбек.

Халық әндерін тыңдауға Мәскеуде тұратын қазақтарда келді. «Мен үшін бүгін қазақ әнінің шырқалғаны теңдессіз сый болды. Біз бұл концертке бүкіл жанұямызбен арнайы келдік, өйткені Мәскеуде туып-өскен балаларымды қазақтың төл мәдениетімен, қазақ музыкасымен таныстырғым келді», - дейді Маржан Жақсымбетова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір