• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:05:53
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан телевизиясын 60 жылдығымен құттықтады

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында журналистерді Қазақстан телевизиясының 60 жылдығымен құттықтады

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді Қазақстан телевизиясының 60 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы өзінің twitter парақшасына жазған. 

«Қазақ телевизиясына 60 жыл! Айтулы дата! Журналистерді, телевизия саласындағы барлық қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын және алғыс білдіремін.  Отанымыздың игілігі жолында табысты жұмыс тілеймін!» - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, кеше Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өткізілген салтанатты шарада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары белгілі болды. Салтанатты рәсімде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

«Қазақ телевизиясының хабар тарата бастағанына 60 жыл толуымен құттықтаймын. Бүгінде қоғам өмірінің тыныс-тіршілігін теледидарсыз көзге елестету қиын. Сондықтан, бұл отандық телевизияның мыңдаған қызметкерлерін ғана емес, қазақстандықтардың ортақ мерейлі мерекесі деп айтуға болады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір