• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:11:37
Алматы
+35°

13 Сәуір, 2018 NEWS

Қарағандылық кәсіпкер бүтін бір ауылды сатуға қойды

Қарағанды облысында кәсіпкер бүтін бір ауылды сатуға қойды, ауылдық әкімдіктің ғимараты да ЖШС қожайынына тиесілі

Қарағанды облысында кәсіпкер бүтін бір ауылды сатуға қойды, ауылдық әкімдіктің ғимараты да ЖШС қожайынына тиесілі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шұңқыркөл ауылын сататыны туралы хабарламаны кәсіпкер Instagram әлеуметтік желісіне ілген. 

«Ауылдағы нысандардың мемлекеттік емес екендігін жергілікті әкімдіктен білдік. Біздің ауылдың қожайыны бір фермер екен. Ауылдық мәдениет үйі, ауыл ішіндегі жолдар, жайылым, тіпті әкімдік ғимаратына дейін соның меншігінде», – дейді Шұңқыркөл ауылының тұрғыны Бақытжан Нұрпейісов. 

Ауыл тұрғындары бұл хабарға аң-таң болып отырғандарын айтты. 

«Бүтін бір ауыл жеке тұлғаға тиесілі деген қалай? Әкімдік ғимаратты бизнесменнен қалай жалға алып отыр? Тұрғыны бар, үйі бар, малы бар ауылды сатуға бола ма? Бұл 17 мың гектар жер», – дейді ауыл тұрғыны. 

Осакаров ауданының әкімдігі әкімнің бірінші және екінші орынбасарлары жиналыста екенін айтып, кейінірек пікір білдіретіндерін жеткізді. Аудандық әкімдік ЖШС иесінің жол жөндеп, кәсіпорын ашып, ауыл тұрғындарына жұмыс тауып беру үшін инвестор іздеп жатқанын да айтты. 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі де аталған жайтқа байланысты пікірді кейінірек беретіндерін хабарлады. 

Шұңқыркөл ауылында 587 адам тұрады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір