• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:15:34
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Қарағандылық азамат: 26 наурыздан бері соғысқа қатысып жүрмін (видео)

Украинаның Донбасс қаласындағы соғысқа қатысқан адамдардың қатарында қазақстандық азаматтың бар екені белгілі болды.

Украинаның Донбасс қаласындағы соғысқа қатысып жатқан адамдардың қатарында қазақстандық азаматтың бар екені белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Тимур Сейтмұратов Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. 

Донбасстағы майданға кеткен азамат Қарағанды қаласының тұрғыны екен. Ол 26 наурыздан бастап бүлікшілердің қатарында соғысып келеді. Лақап аты – "Кирпич".

Бейнежазбадағы сөзінде ол бейкүнә сәбилер мен адамдардың тектен-текке қырылып жатқанын көріп, шыдай алмағанын айтады. Сосын керек-жарағын жинап, "жігіттерге көмектесу үшін" жолға шыққан. 

Сонымен бірге қарағандылық азамат туыстарына Донбасстағы соғысқа кетіп бара жатқанын айтып кеткен. Сөз соңында ол өз ата-анасынан кешірім сұрады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір