• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:07:01
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2018 NEWS

Қарағандыда жергілікті билік ауданға Әлихан атын беруге дайын

Қарағандыда жергілікті билік ауданға Әлихан атын беруге дайын.

Қарағандыда жергілікті билік ауданға Әлихан атын беруге дайын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қарағандыдағы Октябрьский ауданының атауын Әлихан Бөкейханов деп өзгерту мәселесі 2016 жылы да көтерілген. Осыған дейін жергілікті билік осы мәселені талқылап, дұрыс бұрысын таразылап келеді.

— Біз Қарағанды облысындағы Октябрь ауданының атын өзгертуді қолдаймыз және бұл ойымызды әкімшілікке айтқан болатынбыз. Бұл мәселе әкімшілікте қаралып, талқыланатын болады. Бірақ олардың қашан шешім шығаратыны белгісіз. Алайды ауданның атауын өзгерткеннен кейін кіші және үлкен бизнес иелері қаржылық қиындықтарға ұшырайды, - дейді Октябрь ауданы әкімі Сатлек Абдыкалыков.

Сатлек Абдыкалыковтың айтуынша, басқа қарапайым тұрғындарда қаржылық қиындықтар болмайды. Себебі олардың мекен жайында ауданның аты көрсетілмеген, тек қала мен тұрғылықты мекен-жайы белгіленген.

Ауданның атауын өзгертуге байланысты сараптамалық жұмыстардан кейін, барлық құжаттар қаладағы Халықтық кеңеске жөнелтіледі. Кейін Қарағандыда ашық тыңдау өтіп, шешім шығарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір