• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:30:06
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Қарағандыда ереуілдеген 200-ге жуық шахтерлермен келіссөз әлі біткен жоқ

200-ге жуық кенші желтоқсанның 11-і түнгі ауысым аяқталғаннан кейін, "төрт шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнынан кетуден бас тартқан.

Қарағанды облысындағы шахталарда жұмыс істейтін 200-ге жуық кенші желтоқсанның 11-і түнгі ауысым аяқталғаннан кейін, "төрт шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнынан кетуден бас тартқан", деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сүйеніп жазады. 

Көміршілердің «Қорғау» кәсіподағы жетекшісі Марат Мирғаязов келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, шахтерлердің жұмыс берушіге бірнеше талабы бар, оның негізгісі - жалақыны 100 пайыз көбейту.

Шахталардың иесі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мұның "жұмысшылардың рұқсат етілмеген акциясы" екенін хабарлады.

«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшылары жалақыны көбейту мәселесін бұрын да бірнеше рет көтерген. 2017 жылы тамыз айында Қарағанды облысының металлургтері мен шахтерлері жалақыларын 30 пайыз көбейтуді талап еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір