• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:42:13
+35°

06 Ақпан, 2018 NEWS

Қарағандыда 18-ге толмаған қайнысын Сирияға әкетпек болған әйел сотталды

Қарағандыда ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымына (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) қатысқаны үшін 30 жастағы әйел сотталды

Қарағандыда ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымына (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) қатысқаны үшін 30 жастағы әйел 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Таңатарова Жансая Төлендіқызы ҚР ҚК-нің 259-бабы 2-бөлігіне («Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру»), 257-24 бабы 3-бөлігіне («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») сәйкес айыпты деп танылсын және жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деп үкімді оқыды Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов.

Жансая Таңатарова алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген. Ол Сирияда жарақат алған содырларды емдеуді жоспарлаған.

Еске салайық, қарағандылық әйел кәмелетке толмаған туысқан інісін Сирияға алып кетпек болған. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағандыдан Сирияға кетпек болған жерінен ұстады.

Әйел 2017 жылдың қыркүйек айында Қарағандыдан шығар жолдағы «Сокур» бекетінде құрықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, әйел 2017 жылдың тамызында қарулы қақтығыстар болып жатқан жерге бармақ болған. Лаңкестермен байланысып, өзін қатарға қосуын өтінген. Олар бұған Сирияға жету жолын жазып көрсеткен. Әйел өзімен бірге 18-ге толмаған қайнысын да әкетпек болады. Бірақ оған анасы рұқсат бермегендіктен, кейін әкетуге уәде береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір