• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:38:22
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 NEWS

Қарағанды облысында прокурор пара алып жатқан жерінде ұсталды

Прокурорлар қылмыстық істі жабу үшін С. есімді азаматтан ақша алған.

Қарағанды облысында прокуратураның екі қызметкері пара алып тұрған жерлерінен ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызмет хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры Тұрысбеков Е.Б. және Приозерск горнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Раджапов А.У.-ды 1000 АҚШ доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде ұстады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Прокурорлар қылмыстық істі жабу үшін С. есімді азаматтан ақша алған.

Аталмыш іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Приозерск әкімдігінің мәліметінше, Ержан Тұрысбеков қала прокуроры қызметіне 2016 жылдың 12 ақпанында тағайындалған.

Ол 1977 жылы Талдықорған облысы Лепсі станциясында дүниеге келді.

Прокуратуралық органда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір