• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:17:02
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Қара жамылған қыздардың мектеп ауласында намаз оқуы қызу талқыға түсті

Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды!

Ақтөбе қаласында 56 мектептің ауласында қара жамылған үш қыз намаз оқыған. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге не дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата -бабаң қара жамылған? 
Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды!
Депутаттар мыналарға қарсы заң қайда?», - деп жазды Айгүл Орынбек.

Намаз оқу

Блогердің аталмыш жазбасы халық арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі «намазды қаза қылуға болмайды, кез келген жерде уақыты кіргенде оқу керек» деп ақтаса, енді бірі «көзден таса жерде оқылу керек» немесе «көзбояушылық», «кімге не көрсетпек?» деген сынды пікірлер жазылды.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында бүгінде орамал дауы өршіп тұр. Балалары мектепке орамал тағып барып, сабаққа қатыса алмай жүрген ақтөбелік ата-аналар күні кеше Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұловқа арыздарын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір