• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:02:10
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Әдебиет

Қара сым (поэзия)

Тағдыр маған қара көйлек кигізді, Жыртысының жетпей қалып ақ түсі.

Керім күннің есіңе алып қалыбын,

Сен де мені ойлайсың ба, әлі күн?

Сенсең егер, мына жалған өмірдің

Кермек дәмін сен арқылы таныдым.

 

Кермек дәмін...

Жетпей қалып тәттісі,

Қанатынан қайырылып бақ құсы.

Тағдыр маған қара көйлек кигізді,

Жыртысының жетпей қалып ақ түсі.

 

Қара көйлек, қара жолақ, қара гүл,

Өзегімде өткен күнге нала жүр.

Сұрқай өмір салып жатса табанға,

Серпілер ме, сұрғылт тартқан сана бір?!

 

Қара нөсер қара аспаннан төгілген,

Қара түнге үйір бопты көңіл де.

Қара түсті көзілдірік көзімде,

Қара әйнектен қарап тұрам өмірге.

 

Өмір өзі тартса түстің қарасын,

Қара түстен табайын ба жарасым?

... Ой орманын кезіп жүріп сүріндім,

Сүрінгенім не екен десем – қара сым...

Алма ТҮСІПБЕКОВА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір