• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:36:27
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2017 Кәсіпкер

Қар барыстарының қалай өмір сүретіні жасырын камераға түсірілді (видео)

Ананеьво ауылындағы тауда үш қар барысы тұрады – Кунак, Алсу және Колючка.

Sputnik Қырғызстан порталының видеооператоры Эмиль Садыров Ыстықкөлдегі жабайы аңдарды оңалту орталығындағы қар барыстары мекендейтін корпуста болып қайтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ананьево ауылындағы тауда үш қар барысы тұрады – Кунак, Алсу және Колючка. Бір кездері аңдарды қарақшылар қолдарына түсіріп, елден асырмақ болды. Алайда шекарадан өтіп бара жатқан сәтте арнайы қызметкерлердің қолына түсіп, аңдар NABU оңалту орталығына жеткізілген.

Бүгінде Кунаку мен Алсу 16 жаста, ал Колючка 9-да. Бір барыс күніне 3 келі ет жейді. Аңдарды тамақтандыру үшін қызметкерлер есек ұстайды.

Қар барыстары 10 жылға жуық өмір сүреді, сол себепті Кунаку мен Алсу қартайып қалған аңдар болып есептеледі. 4 жыл бұрын NABU орталығында 5 барыс болған көрінеді, алайда оның екеуін Қазақстанға операция жасатуға жіберген. Сөйтіп екі барыс Қазақстандағы жергілікті зообақта қалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір