• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:51:27
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 NEWS

Қапшағай тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды (фото)

Соққының күші болғаны соншалық, ер адамның денесі 60 метрге дейін ұшып, қарсы жолға шығып кеткен.

8 сәуірде, жексенбі күні Алматы облысында жол апатынан ер адам көз жұмды. Әзірге марқұмның жеке тұлғасы анықталмаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Жол-көлік апаты Қапшағай тас жолынан 20 шақырым жерде болған. Toyota Windom маркалы автокөлігі қараңғыда тиісті емес жерден жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Көлік иесінің айтуына қарағанда, ол тас жол бойымен 140-150 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Жол жарық болмаған соң жаяу жүргіншіні байқамай қалған.

Соққының күшті болғаны соншалық, ер адамның денесі 60 метрге дейін ұшып, қарсы жолға шығып кеткен. Жүргізушінің сөзінше, жаяу жүргіншіні тағы 1-2 көлік басып өткен.  Марқұмның басы мыжылып, сол аяғы жұлынып кеткен. Жол апаты боған жерден денесі 60 метрге, аяғы 100 метрге дейін ұшып кеткен. Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

апат

ff

fgfn

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір