• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:39:13
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 Аймақтар

Қапшағай қаласына 30 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылады

Бұл қаржыға он шақты инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласының экономикасына биыл 30 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл қаржыға он шақты инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Соның ішіндегі ең ірілері судан, желден және күн көзінен электр қуатын өндіруге арналған жобалар. Сондай-ақ қызметтік-техникалық мақсатта пайдаланылатын жаңа әуежайдың құрылысы басталып, аяқ киім фабрикасы мен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салынады. Өткен жылы мұнда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 11 млрд теңгеге 3 жаңа ықшамауданның инженерлік желілері тартылып, инфрақұрылымы жасақталды. Қаланың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті. Алдағы уақытта Қапшағайдың жылу және кәріз жүйесі қайта жаңғыртылып, түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға арналған жаңа үйлер тұрғызыла бастайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір