• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:12:41
+35°

03 Қаңтар, 2018 Сұхбат

Қаңғыбастар үйінде тұрған танымал хирургты белгісіз әйел үйіне кіргізген

70 жастағы Жұмабек Дүйсембаев 35 жылдан көп уақытын медицинаға арнады. Жүздеген адамның өмірін құтқарды.

Қаңғыбастар үйін мекендеген Қазақстанның танымал хирургі Жұмабек Дүйсембаевтің тағдыры алматылық Халида Иманжанованы бей-жай қалдырмады. Әйел ұзақ ойланбастан Алматы қаласы әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, қарт адамды өз үйіне алып кеткен. Ақсақал да әйелдің ұсынысына бірден келіседі. Халида Иманжанованың үйіне барып, ақсақалмен тілдескен caravan.kz порталының сұхбатын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

70 жастағы Жұмабек Дүйсембаев 35 жылдан көп уақытын медицинаға арнады. Жүздеген адамның өмірін құтқарды. Отбасылы болды. Алайда қазіргі уақытта бұрынғы әйелі мен ересек екі баласы да отағасымен қарым-қатынасын үзген.

«2011 жылы зейнеткерлікке шығып, Ақтөбедегі екі бөлмелі пәтерімде балаларыммен бірге тұрғанмын. Бірде әйелім маған бұрынғы дәрігер ретінде пәтер берілу керектігін айтты. Ол үшін біз ажырасып, пәтерді әйелімнің ағасының атына жаздыруымыз керек екен. Құжаттарға қол қойылған соң мені үйден шығарып жіберді. Барар жерім, басар тауым болмады. Үйімнің ауласында түнеп жүргем. Бірақ әйелім мені алдып, Алматыға жіберді. Онда әпкемнің күтіп жүргенін айтты», - деп жылап еске алды қария өткенін.

Белгісіз қалаға келген Жұмабек Дүйсембаевты бұзақылар соққыға алып, қалтасындағы бар ақшасын жымқырып кеткен.

«Көзімді ашсам, далада жатыр екем. Бірден өз-өзіме келе алмадым, басым ауырды. Өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрадым, бірақ адамдар көмек беруден бас тартты».

Алматы 1 вокзалы маңында адасып жүрген қарияны полицей қызметкерлері байқап қалды. Қарияның басынан өткерген оқиғасын тыңдап, тамақтандырып, оны бейімдеу орталығына апарады.

«Сөйтіп қаңғыбастар үйінен бірақ шықтым. Орталықтың қызметкерлері әйеліммен тілдесіп көруге тырысты, алайда әйелім менімен сөйлесуге түбегейлі қарсы болды. Ұлдарыма да хабарласып көрді, олар да сөйлеспеді», - деп күрсінді ақсақал.

Енді міне 2 аптадан бері 70 жастағы Жұмабек ата таза, жылы үйде тұрып келеді. Әйел ақсақалды өз әкесіндей күтіп жүр.

«Өмірде мұндай мейірімді адамдар бар деп ойламаған едім. Өз-өзіме әлі келе алар емеспін», - деді қария.

Халида Иманжанова тәжірибелі косметолог маман. Ол Жұмабек атадай білікті маманның қаңғыбастар үйінде жатқанын білгенде, жүрегі қанжылағанын айтады.

«Хирург – өте күрделі мамандық. Ол қаншама адамның өмірін құтқарды, түбі өзі далада қалды. Түні бойы сол қарияны ойлап, көз іле алмадым. Ақыры, шыдай алмаған соң өзім барып, үйіме алып кеттім. Оны қарттар үйіне жіберу үшін бірнеше құжат дайындау керек, ол уақытқа дейін менің жанымда тұрсын деп шештім. Оны көргенде өз әкемді көргендей болдым. Дәл сондай мейірімді, адал жан», - дейді Халида.

Оның үстіне Халида Иманжанова бұған дейін де бала-шағасы далаға қуып шыққан қарт әйелге көмектескен. Ол бірнеше күн Халиданың үйінде тұрды. Алайда әжейдің алыс туыстары мұны білген соң алып кетуді ұйғарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір