• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:09:03
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Аймақтар

 

Қазір еліміз бойынша кез келген салада цифрлық технология қолданылуда. «Бірінші байлық - денсаулық» десек,  денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017- 2018 жылдарға арналған жол картасы жасақталған болатын. Жаңа жүйенің жетістігін білу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевпен тілдескен едік.

– Қанат Дүйсенбайұлы, денсаулық сақтау саласында қағазбастылықтан арылу яғни цифрландыру, сондай-ақ қолайлы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша өңірде қандай жаңалықтар орын алуда?

- « Цифрландыру  денсаулық сақтау жүйесіне тың серпін бергені рас. Ақпараттық жүйені интеграциялау және қағазсыз құжат айналымын, атап айтқанда, «Электронды денсаулық төлқұжатын» енгізудің арқасында дәрігерлер қағазбен жұмыс жасаудан құтылды  және пациенттеріне көбірек уақыт бөле алатын деңгейге жетті. Енді қайталама талдаулар жасалмайды, барлық аурудың  тарихы сақталады. «Электронды кезек» жүйесін енгізген соң пациенттердің күту уақыты біршама қысқарды. Жалпы айтсақ, Батыс Қазақстан  облысындағы  39 денсаулық сақтау нысанының 32-сі қағазсыз құжат айналымы жүйесіне көшті. Барлық денсаулық сақтау мекемелері компьютерлік техникамен жарақтандырылған, әрі олардың 70 пайызы ғаламтор желісіне  қосылды .  Цифрландырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін біз медицина қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні K - vrachu.kz қосымшасының ыңғайлылығына 11 мыңнан астам адам баға берген

және олардың саны күн санап өсуде. Пайдаланушылар қосымша, оның функционалы мен сенімділігі туралы жақсы  пікір айтуда .Тұрғындарды  цифрлық сауаттылыққа үйрету және ақпараттық жүйені  насихаттау  үшін медицина мекемелерінде арнайы кабинеттер ашылды, түрлі флешмобтар өткізілуде. Сонымен қатар медициналық жедел жәрдем жаңғыртылды. Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйені қосудың арқасында шақыруларды өңдеу және беру уақыты қысқарды, сондай-ақ, пациентке дейін жету уақыты 12 минуттан 9 минутқа дейін қысқарды.

– Аудан ауылдардағы ауруханалар компьютерлік техникалармен

Қамтылу деңгейі қандай?

– Бүгінгі  таңда БҚО-дағы медициналық ұйымдар 4477 компьютермен жарақталды, 2016 жылы 152,3 млн. теңгеге 1 064, 2017 жылы – 162,5 млн. теңгеге 656 дана компьютерлік  техника сатып алынды. Ол үшін қаражат жергілікті бюджет есебінен және медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді. Қазір облыстағы медициналық ұйымдардың компьютерлік техникамен  жарақталуы 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ 510

компьютерлік техниканы жаңарту  үшін 242,5 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді. Өңірдегі 383 нысанның 30 пайызы, яғни 120 нысан интернет желісіне қосылмаған. Олар – шек ара маңындағы шалғай аудандардың

медициналық  пункттері , фельдшерлік-акушерлік пункттер. Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ  91 ұйымды кең жолақты интернет желісіне қосу бойынша жұмыстарды  ж ү р г і з уд е , олардың тоғызы жоғарыда атап өткен интернетке қосылмаған нысандар тізіміне кіреді. Сонымен қатар, облыста

сапалы интернет байланысымен қамтуды 100%-ға жеткізу үшін «Қазақтелеком», «Astel» АҚ кең жолақты интернетке және спутниктік

байланыс арқылы қосу жұмыстарын жалғастыруда. Медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс  оффлайн түрде жүзеге асырылуда.

– Облыс бойынша  дәрі – дәрмектер  уақытылы жеткізуде ме?

– 2 0 1 8 жылдан  бастап Қазақстан бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Бірыңғай дистрибьютер  арқылы  автоматты  түрге енгізілгендіктен жылдың басында облысымызға дәрілердің жеткізілуі кешіктірілгені рас. Қазіргі таңда дәрілік заттар уақытылы дәріханаларға түсіп, науқастар үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр. Жағдайдың қайталанбауы үшін бүгінгі күннен 2019 жылы халықты уақытылы және сапалы дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету  мақсатында  Бірыңғай Дистрибьютердің  тізімін  қалыптастыру  жұмысын бастап кеттік. Яғни дәрілік заттар мен медициналық  мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды 2018 жылғы қыркүйек айының соңына дейін жалғастырамыз. Осы жылдың қараша айында дәрілерді одан әрі жеткізу, тарату және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа дәрілерді беру үшін Бірыңғай Дистрибьютер қоймаларға жеткізеді.

– Білуімізше, облыстағы  кейбір медициналық  мекемелер сенімгерлік басқаруға беріле бастады. Алдағы уақытта тағы қай емхана-ауруханалар басқарудың осы түріне өтуі мүмкін?

– Облыстағы  емхана ,ауруханаларды  сенімгерлік басқаруға беру жоспарда жоқ. Медициналық  мекемелерді  сенімгерлік басқаруға беру – Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында және 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында айт ылғандай , мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, мемлекеттік  мекемелерге   жеке бизнесті  тарт у, жеке инвестициялар тарту. Осыған орай, аталған шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға а р н а л ғ а н к е й б і р мәселелер туралы» қаулысына сәйкес жүргізілуде.

Сенімгерлік басқаруға берудің себебі, біріншіден тұрғындарға көрсетілетін  медициналық  көмекті жақсарт у, екіншіден медициналық  ұйымдарды басқаруда жаңа технологияларды енгізу, үшіншіден жеке бизнесті әлеуметтік салаға тарту, олардың осы салада  жауапкершілігін арттыру, төртіншіден табысы мол мекемелерді бәсекелестік ортаға беру.

– Өткен жылы шетелдік білікті  мамандардың қатысуымен күрделі оталар өткізілі п , жергілікті мамандар үшін семинарлар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды . Биыл бұл бағытта қандай шаралар

жоспарланған?

– Жуырда қалалық көпбейінді ауруханада жарақаттанушылық

( т р а в м а т о л о г и я ) бойынша  Германиялық Гиссен университетінің профессоры  Р. Шнеттлердің , Мәскеу қаласындағы В.А.Насонова атындағы ревматологиялық ғылыми- зерттеу институтының медициналық ғылымдар кандидаты Е.Бяликтың қатысуларымен ғылыми-тәжірибелік конфенция және 2 науқасқа ота жасалды. 14-15 мамыр күндері облыстық клиникалық ауруханада неміс профессор , отоларинголог Х.Хойман 20 науқасқа қабылдау жүргізіп, кеңес берді және есту қабілетін жақсартуға байланысты тоғыз науқасқа ота жасалды. Екінші жартыжылдықта облыстық перинатальдық орталықта ультрадыбыстық диагностика  бойынш а  Белорус сиялық мамандармен  оқыту жүргізу және Даниялық  неонатолог мамандармен мастер-класстар өткізу жоспарланды.

 

  • Әңгімеңізге рахмет
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір