• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:29:35
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2017 Алаш-Орда

«Қамшы» 100 жетім балаға, 100 студентке көмектесу акциясын жүзеге асырмақ

Атап айтқанда қыркүйек айында 100 жетім балаға киім- кешек сыйлау, қазан айында 100 студентке бір жолғы стипендия тағайындау акциясын жүзеге асырмақ.

Қазақстан Республикасының іргетасы - «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына орай «Қамшы» порталы биыл «Алашорда – 100 жыл» жалпыхалықтық шараларын бастаған болатын. Қысқаша айтар болсақ, Алаш арыстарына арнап 5 наурызда ас берілді,15 сәуірде 100 ағаш отырғызылды.

«Qamshy.kz» ақпарат агенттігі жыл басында жариялағандай, жалпыхалықтық іс-шараны жалғастырады. Атап айтқанда қазан, қараша айларында 100 жетім балаға киім- кешек сыйлау, 100 студентке бір жолғы стипендия тағайындау акциясын жүзеге асырмақ. Ал, Желтоқсан айында елге, мемлекетке айрықша қызмет етіп жатқан 100 тұлғаны дауыс беру жолымен саралау іске асатын болады.

Осы орайда «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі оқырмандардан, Жетім-жесір жандарға қолғабыс тигізгісі келетін атымтай жомарт адамдардан, Үлгерімі жақсы болғанымен материалдық қиындығы бар студенттерге көмектескісі келетін жандардан редакцияға хат-хабар күтеді.

Сондай-ақ, өзіңіздің айналаңызда, таныстарыңыз арасында көмекке мұқтаж студенттер мен жетімдік тартып жүрген қаракөздердің де байланыс деректерін беріп, көмектесуіңізге болады. Қайырымдылық шарасына кез-келген адам қатыса алады.

Ата-анасы жоқ, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге бір жолғы қамқорлық жасау қыркүйек айының соңына жоспарланғандықтан аз ғана уақыт қалды. Сіздерден «Qamshy.kz» ақпарат агенттігінің кезекші журналисті қоңырау күтеді.

Жазира Байдалы +7 701 708 2725​

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір