• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:15:12
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 NEWS

Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов пен одақтың қазіргі төрағасы Нұрлан Оразалин сөзге келіп қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Құрылтайда сөз алған Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досановты сөзбен түйреп өтті. 

– Кезінде «ғасыр халтуршигі» атанған Сәбит Досанов Назарбаевтың саясатының арқасында сөз бастайтын серкеге айналды, - деді ол.

Қабдеш Жұмаділов өзінен бұрын Сәбит Досановқа сөз берілгеніне шамданған болуы керек. Сонымен қатар Нұрлан Оразалинді де сынады. 

– Осыдан бес жыл бұрынғы құрылтайда Нұрлан Оразалин орнын босататынын айтты. Бірақ 22 жыл босқа отырмаған ғой, өзінің сойылын соғатын жандайшаптарын дайындап қойған екен. Солардың ұсынысымен қайта сайланып шыға келді, деді Жұмаділов.

Қабдеш Жұмаділов сөйлеп жатқанда Нұрлан Оразалин «регламент» деп сөзін тоқтатутыға тырысты. Екеуі сөзге келіп қалды.

– Айқайлай бермеңіз. Өткен жолы үндемедім. Үндемеген сайын басынуға болмайды, жолдас Жұмаділов, - деді Нұрлан Оразалин.

Қабдеш Жұмаділов Нұрлан Оразалинге мансапты қойып, шығармашылықты қолға алуға кеңес берді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір