• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:13:54
Алматы
+35°

05 Қазан, 2016 Шаруашылық

Қ. Бишімбаев: Ауыл шаруашылық кооперативтерінен жер телімі болуын міндеттеуді алып тастау қажет

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің міндетті түрде жер телімінің болуы шартын алып тастау керек. Бұл туралы бүгін өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ұлттық...

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің міндетті түрде жер телімінің болуы шартын алып тастау керек. Бұл туралы бүгін өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Айта кетейік, Үкімет мүшелерінің қарауына салық саясатын және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі заң жобасы ұсынылды.

«Арнайы салық тәртібін қолдану мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жер телімі болуы шартын алып тастау ұсынылады. Бұдан басқа, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін бірыңғай жер салығын қолдану құқығын сақтау көзделген», - деп атап өтті министр.

Ол сонымен қатар аталған заң жобасында асыл тұқымды малдарды мәжбүрлі сою және олардың өлім-жітімі жағдайында белгіленген нормативтер шегінде ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану көзделгенін жеткізді.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер қолайлы кәсіпкерлік орта құру, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір