• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:40:01
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Спорт

Пхенчхан 2018: Қазақстан 19-орында келеді

Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте қазір 19-сатыда тұр.

Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте қазір 19-сатыда тұр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сүйеніп жазады. 

Бұл, әрине, отандық фристаил шебері Юлия Галышова жеңісінің арқасы. Топтық тізімді 8 бірдей алтыны бар Германия құрамасы бастап келеді. Үздік үштікте Норвегия мен Нидерланд спортшылары.

Қос құрама да 5 алтыннан еншіледі. Кезекті жарыс күні әлі аяқталған жоқ. Сондықтан тізімде бірқатар өзгеріс болуы мүмкін. Ал олимпиада ойындары ақпанның соңына дейін жалғасады. Жалпы медальдық есептің ресми қорытындысы да сол кезде белгілі болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір