• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:22:37
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Путин Солтүстік Кореяға санкция салу туралы жарлыққа қол қойды

Ресейдің Солтүстік және Оңтүстік Корея делегациясын келіссөзге шақыру әрекетінен әзірге нәтиже болмай тұр

Ресей президенті Владимир Путин ядролық және зымыран сынақтарын жасағаны үшін Солтүстік Кореяға санкция салу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Жарлық БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарына байланысты шығарылған.

Жарлыққа сәйкес, Пхеньянда ядролық бағдарламамен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға шектеу қойылған. Олардың арасында Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды шенеуніктері, банк, сауда және корпорация басшылары бар. Жарлықта Ресейден Солтүстік Кореяға экспортталатын бірқатар тауарларға да тыйым салынған.

Мұның алдында Мәскеу Солтүстік Кореяны ядролық сынағы үшін сынға алып, Пхеньян мен халықаралық қауымдастықты БҰҰ қарарларын орындауға шақырған.

Ресейдің Солтүстік және Оңтүстік Корея делегациясын келіссөзге шақыру әрекетінен әзірге нәтиже болмай тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір